Клиникада алғашқы рет әлеуметтік жоба ұйымдастырылды

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада «Ауруды емес, өмірді таңдаңыз, бірге күресейік» атты әлеуметтік жоба аясында іс-шара өтті. Клиника мамандары мен 10–сынып оқушылары Үсен Жұлдыз бен Үсен Алтынайдың ұйымдастырумен өткен шарада клиникадағы науқастар шахмат ойнап, бір-бірімен ашық-жарқын әңгімелесіп, ішкі сырларымен бөлісті.
-Жобаның мақсаты - аурудың әртүрлі кезеңдерінде көптеген қиындықтарға тап болған науқастарға қолдау көрсету. Өздерін жалғыз сезініп жүрген науқастарға одан шығудың жолын тауып, көмек көрсету. Яғни, басқа қалыпқа түскен өмір өзгерісін қабылдап, сонымен жаңаша өмір сүруге үйрету. Сонымен қатар психологтың көмегіне жүгіну өте маңызды қадам екенін түсіндіру, - дейді онкопсихолог, психиатр, жоғарғы санатты дәрігер Константин Владимирович Артьемев.
Шараға қатысқан Алматы қаласындағы Мухтар Әуезов атындағы мектептің 10–сынып оқушылары Үсен Жұлдыз, Үсен Алтынай науқастармен әртүрлі тақырыпта әңгіме айтып, науқастарға қол өнер туындыларын, шахмат пен сурет құралдарын тарту етті.
-Психологтың айтуынша, науқас адам ойын басқа нәрсеге аударса, ауруын ұмытып, өзін жеңіл сезінеді. Сол себепті сурет салуға қажетті құралдарды сыйға тарттық. Мұндай әлеуметтік маңызы бар жобалар науқастарға көп көмектеседі деп ойлаймыз. Сондықтан келесі жобаны ауқымды түрде ұйымдастыру туралы ұсыныс жасадық, - деді жобаға қатысқан Жұлдыз бен Алтынай.
Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісікке шалдыққан науқастармен тек физикалық тұрғыда емес, психологиялық тұрғыда ем қатар жүргізілгені дұрыс. Сонда ауруға қарсы күрес қарқынды жүреді. Көп жағдайда науқастар депрессияға түсіп, жақын адамдарымен жиі ренжіседі. Осындай сәтте туысқандардың қолдауы ауадай қажет дейді қатерлі дертке шалдыққан адамдардың бірі Шапиева Анар Смағұлқызы.
-Мен осы дертке шалдыққан кезде менің туысқандарым, достарым үлкен қолдау көрсетті. Мен үшін ол өте маңызды болды Сондықтан ауруға қарсы күресті тоқтатқан жоқпын. Қазір барлық қиын күндер артта қалды. Мен қазір нағыз бақытты жандардың бірімін, - деп еске алды ол.
Алматы аймақтық көпсалалы клиникада 2022 жылдың 9 айында 1549 адамнан қатерлі дерт анықталып, тіркеуге алынған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста