КІТАПХАНА – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ АЗЫҒЫ

Асхат БАЙҰЗАҚОВ,

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 

Зағип және нашар көретін азаматтарға

арналған Республикалық кітапхана директоры

Қазақ еліқандай қиын заман болса да рухани құндылықтары мен мәдени мұраларына селкеу түсірмеді. Тағылымға тұнып тұрған салт-дәстүріміз,әдет-ғұрпымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, тарихымыз қағазға қатталып, кітап болып шығарылмасада, ауыздан ауызға таралып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Кешегі ауызы дуалы дана бабаларымыз бен жырауларымыз ізгілік пен ізеттіліктің, имандылық пен ибалылықтың жаршысына айналған еді.

Бүгінде сол асыл қазыналарымызды жас буынға жеткізуші алтын көпір - кітап пен кітапханалар. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, əдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың сөзі осыған дәлел: «Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын»,-деген.

50 жылдық мерейтой

 Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі – Зағип жәненашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана. Қазақстанда Брайль қарпінде кітап басып шығару ісінің 50 жылдық тарихы бар. 50 жыл, біреуге көп, біреуге аз уақыт. Алайда осы жылдар ішінде мүгедектердің бар өміріне және қызметіне қоян-қолтық араласа отырып, кітапхана: оңалту, әлеуметтену, білім алу, демалу орталығына айналды.

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл. Осы жыл аралығында, аталмыш кітапхана біраз өзгерістерді бастан өткерді. Оқырмандармен байланыс жасауда, кітапхана жұмысын жүргізуде, өзгеде мәдениет ошақтарымен тәжірибе алмасуда жаңалықтар пайда болды. 30 жыл бойы кітапхана ұжымы, оқырмандарына тәуелсіздіктің қадір-қасиетін насихаттау жолында біраз тер төкті. Тәуелсіздік жылдарында атқарылған шаралардың, кітапхана тарихында алар орны ерекше.

Кітапхана тарихы, Қазақ соқырлар қоғамының тарихымен біртұтас. Қазақ соқырлар қоғамы 1937 жылы қоғамдық ұйым ретінде, көз мүгедектерінің оқуы мен тәрбиесін, олардың кәсіби даярлығын, жаппай орта білім алуын жүзеге асыру, оларды еңбекке баулу, әркімнің жеке ерекшеліктерін ескере отырып ақыл - ой, дене қабілетін жан-жақты жетілдіру мақсатында құрылды. Өндірістік міндеттерді ойдағыдай шешіп, дами отырып, зағиптардың рухани және мәдени талап-тілектерін қанағаттандыруға зор көңіл бөлінді. Сол жылдары мемлекетіміз спорт, мәдениет, көркемөнерпаздар және кітапхана ісінің дамуына айтарлықтай қолдау көрсетті.

60-шы жылдардың ортасында арнаулы кітапханалар құру, көрмейтін жандарға, олардың отбасына, зағиптық пен нашар көру мәселелерімен айналысатын мамандарға  кітапханалық қызмет көрсету қажеттілігі ескерілді. Олармен жоспарлы түрде мәдени-ағарту ісіне, белсенді оқуға, қоғам өміріне тарту жұмысын жүргізу керек болды. Бұл жұмысты басында кішігірім кәсіподақ кітапханалары, дауыстап оқу үйірмелері, қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнындағы қызыл бұрыш атқарды. Кейіннен  бәрі қайта құрылып, кітапхананың негізі қаланды.

1969 – 1970 жылы№ 22 Алматы қалалық кітапхана базасын ашылып,  1971 жылдан бастап мемлекеттік ғылыми әмбебаб кітапхана ретінде қызметете бастады.

Аталмыш кітапхана 1975 - 1986 жылдар аралығында мәдениет саласындағы қиын кезеңдерді басынанөткерді. Кітапхана ұжымы бұл қиындықтарға қарамастан, оқырмандарына жоспарлы түрде қызмет көрсетті. Сол уақытта дыбыстандыру студиясы толығымен жаңа технологияда жұмыс жасай бастады.

Тәуелсіз жылдар жемісі

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің мәдени-рухани ахуалыжақсарып, әралуан бағыттар бойынша даму жолына түсті. Сол жылдары кітапхана процессін автоматтандыру ісі басталды, арнаулы әдебиеттерді шығаратын жаңа тифлотехникалық құралдар, зағиптарға арналған арнайы компьютерлік бағдарламалар жұмыс жасай бастады.

Бүгінгі жедел ақпарат тарату қажеттілігі туындаған шақта,  кітапханаларда заман талабынан тыс қала алмайды. Бұл ретте рухани құндылықтарымызды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау мүмкіндігін пайдаланудамыз. Сол себепті 2005 жылыкітапхана жанынан «РБНСГ - Вести» интернет – газеті, нүтелі-бедерлі және жайпақбаспа қаріпімен шыға бастады.Қазіргі таңда газеттің тұрақты оқырмандары бар және тегін таратылады.Сондай-ақ таралымы он үш мың,с «Менің жолым» атты сөйлейтін газет шығарылады.

 Сандық жүйеге көшу – жауапты жұмыс

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында дыбыстандырылған әдебиеттерді электронды форматқа көшіружұмысы басталды. Компьютер класының ашылуы зағип оқырмандарға, студенттерге, зағиптарға арналған «Virgo» бағдарламасының көмегімен компьютерді пайдаланып, «MS Windows», «MS Word» бағдараламасымен жұмыс істеу мүмкіндігін туғызды. Заман талабынан туындаған өзекті мәселе руханият саласында айналып өтпеуі тиіс. Кітапхана бүгінде өз оқырмандарына заманауи технологияның озық үлгісімен қызмет көрсете бастады.

Қазіргі уақытта оқырман үйден шықпай-ақ, ғаламтор арқылы іздеген кітабын тапқысы келеді. Осыған байланысты кітапхана жұмысыда түрлене түсті.2006 жылдан бері кітапханада Брайль жүйесі бойынша басылымдарды қазақ тілінде басып шығаратын «Duxbury» арнаулы бағдарламасы орнатылды. Сандық дыбыстандырылған әдебиеттер қорын құрудың ең соңғы жетістіктегімен жабдықталған «Daisy» студиясы ашылды.Бұл атаулы жайттар кітапхана жұмысының дамуына септігін тигізді.

Сонымен қатар оқырмандарға ақпараттың қол жетімді болуы үшін blindlib.kzсайты құрылып,оқырман пайдасына жарауда. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананыңblindlib.kzресми сайтында көптеген электронды қызметтерге қол жеткізуге болады. Сайтта «Электрондық каталог», «Кітап мерзімін оnline ұзарту», «Виртуалды анықтама»қызметтері бар. Мәселен, оқырман электронды каталог арқылы іздеген кітабын кітапхана қорында бар ма, әлде жоқ па нақты біле алады. Тіпті, кей шығарманың электрондық және аудио нұсқасына қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Сайтта кітапхананың тарихы мен дамуы, қызметі мен электрондық ресурстары және жаңа басылымдар туралы мағлұмат үш тілде қатар берілген.

 Кітап қоры молайып келеді

«Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «21 ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да, сауатты өмірге бағыттауымыз керек» делінген. Шын мәнінде бүгінгі ұрпақ үшін,  білім мен  тәрбиенің сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны  анық.

Осыған орайхалқымыздың тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне қатысты жәдігерлерді бір орталыққа жинастырып, оқырмандардың игілігіне айналдыру жұмыстары өз жемісін бере бастады. Кітап қорын толықтыру, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлiмiне білікті мамандар алынып, жүйелі жұмыстар жолға қойылды. Алыс жақын кiтапханалармен тығыз байланыс жасаудың нәтижесiнде 69440 аталымда 250731 дана, оның ішінде 10220 атаумен 32778 данасы қазақ тіліндеәдебиеттер жинақталды.Дыбыстандырылған кітап – 101851 дана, 11844 атаумен жайпақ-баспалы әдебиеттер – 62187 дана, 44394 атаумен күйтабақтар (грампластинкалар) – 5007 дана, диафильмдер 720 дана, бедерлі-графикалық құралдар – 768 дана, CD – 4337 дана кітаптар жарық көрді.

Кітап қоры рухани мұра болғандықтан, оны  бүтін қалпында сақтап, келер ұрпаққа табыс ету кітапханашылардың басты міндеті. Кітапхана ұжымы үнемі  өзінің ақпараттық қорын кеңейтіп, оқырмандарға қызмет көрсету деңгейін көтеріп келеді.Кітап қорын толықтыру мақсатында «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана»көрші елдің кітапханаларымен жақсы байланыс орнатты. Ынтымақтастық ба­ғытта Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Кавказ елдерімен ортақ меморандум қабылданды.

 Сан-салалы қызмет сапасыда артып келеді

Арнайы кітапхананың сан-салалы қызметі өз бағытымен дамып келеді. Әлеуметтік сауықтыру, ақпарат тарату және өзара қарым-қатынасты нығайту, зағип азаматтарға интеграциялық қызмет көрсету, зағип оқырмандар үшін ақпараттар алуға бейімделген технологияларды енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпарат желісіндегі мүмкіндіктерін арттырумақсатындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.

Руханият ошағының оқырмандарға жан-жақты қызмет көрсетуінің тағы бір үлгісі – тегін компьютерлік сауаттылыққа үйренуге жағдай жасайды. Бұл жерде арнайы көмекті қажет ететін азаматтармен жұмыс істейтін, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс орнату, қоғамдағы маңызды жаңалықтармен бөлісу және компьютерлік технологиянысауатты пайдалануды,  брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуды үйретеді.

Қаламыздағы тұрақты оқырмандардың мүмкіндігі шектеулі, дегенмен компьютер тілін меңгеруге деген талпыныстары жоғары. Оқырмандар  компьютерде қарапайым мәтіндерді теруден бастап, әлеуметтік желілер арқылы бір-бірімен хабар алмасуды қосаүйренеді.Арнайы көмекті қажет ететін азаматтар техника тілін меңгеруге талпынып, жаңа бағдарламаны таныстырған кезде компьютерге орнатылған арнайы синтезатор арқылы естіп, әріптердің орналасуын тез арада үйреніп шығады. Ал кітапханашылар азаматтарға қол ұшын созып, қоғамда жан-жақты сауатты азаматтар қалыптастыруға ықпал етуде.

Оқырмандарымыз жаңа өзгерістерді үйреніп қана қоймай, меңгерген білімдерін күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тиімді пайдаланады.  Сондықтан оқырмандарымыз замануи байланыс құралдарын, әлеуметтік желілерді еркін қолданады. Осыған орай, WhatsApp, instagram, facebook, ВКонтакте желілеріндегі парақшалар арқылы өткізілген шаралар, түскен жаңа әдебиеттер және басқа да пайдалы ақпараттарды бақылап отырады.

Бүгінде кітапханаларға тек «кітап алау үшін ғана барады» деп ойлау – ескірген көзқарас. Өйткені қазір оқырман жан-жақтылықты талап етеді.

Оқырмандарды қоғамдық жұмыстар мен мәдени іс шараларға тарту мақсатында кітапхана жанынан «Незабудка» әдеби, музыкалық бірлестігі мен «Өнер өрімдері» мәдени, әдеби клубы ашылды. Мұнда түрлі сипаттағы кездесулер, тренингтер, пікір­таластар мен іс шаралар ұйымдастырылады.

 Кітапхана –қоғам мәдениетінің көрінісі

Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес.Кітапханашы оқырманның сұраған кітабын тауып беруші ғана емес, көптеген маңызды жұмыстардың көшбасшысына айналды. Бүгінгі заманға сай  күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жеткізуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы, түрлі іс-шаралар мен әдеби кештерді ұйымдастырушы, Қазақстанда ресми түрде бекітілген атаулы күндер мен белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерей тойларына арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырушы, әр оқырманның талап-тілегіне сай бағыт-бағдар беруші, кітап пен кітапхананы, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы да кітапханашылар.

Көрнекті жазушы Оралхан Бөкей бір сөзінде: «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деп басып айтқан. Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып жатсада кітапхананың орны бөлек.

Тұңғыш ПрезидентімізНұрсұлтан Назарбаев «Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады.Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады», деп жас ұрпаққа ұлағатты сөз айтқан еді. Расында жастарымыздың кітап оқып, білім көкжиегін кеңейтуге атсалысуына жағдай жасау жауапты да, игілікті қызмет. Шындығына келгенде оқырманды кітап оқуға баулу – ұлттың болашағы. Өйткені кітап пен кітапхана –  қоғам мәдениетінің айнасы.

Жаңа іс шаралар мен көкжиектер

Қазақстанда Президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты мемлекеттік мекемелердегі шараларға уақытша тыйым салынып,кітапхана онлайн режимде жұмыс жасауға көшкен болатын.

Жалпы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана бастамасымен қолға алынған жаңа форматтағы жұмыс тәртібі бүгінге дейін жалғасып, қызметкерлердің қатысуымен онлайн кездесулер мен семинарлар, түрлі шаралар да ұйымдастырылды. 

Игі шаралардың бірі АбайҚұнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы аясында «Жастар және Абайдың рухани құндылықтары» жас кітапханашылардың халықаралық II Слеті ұйымдастырылды. Бұл шарада кітапхана ісін дамыту, жас кітапханашылардың рөлін арттыру, жастардың шығармашылық ізденістерін ынталандыру және оларды жоғары білікті маман ретінде қалыптастыруға жәрдемдесу мәселелері талқыланды.Жиын барысында арнайы кітапханаларды жаңғыртудың үздік тәжірибелері және оларды ағарту орталықтарына айналдырудың жолдары талқыланып, шеберлік сыныптары, тренингтер арқылы жаңа білім алудың мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды.

Кез-келген салаға жаңашылдық енсе, үрке қарайтын әдетіміз бар. Кітапхана жұмысын онлайн форматта ұйымдастыру басында үрей мен қорқыныш тудырғаны анық. Білім мен ғылымға, жаңашылдыққа ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Сол себепті жаңа форматтағы жұмыс жүйесіне нық сеніммен кірісіп кеттік.Нәтижесінде кітапханада онлайн форматта түрлі кездесулер мен байқаулар, виртуалды кітап көрмелері мен әлеуметтік желілерде челлендждер өткізілді. YouTube каналында және әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер ұйымдастырылып, видео роликтер мен құттықтаулар әлеуметтік желілерге жүктеліп, оқырмандарға ұсынылды. Белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын нашар көретін азаматтарға Брайль жүйесінде ұсыну және аудио өнімдер арқылы насихаттау жұмыстары жалғасын табуда.

Әлем жаңару, жаңғыру кезеңін бастан өткізіп отыр. Бұл ғаламдық өзгерістерден бізде шет қалмадық. Ескірген көзқарастар, бір сарынды шешімдер бүгінгі күн талабын қанағаттандыра алмайды. Кітапханашылар бүгінде мәдени дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқырманның жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай тудыратын әмбебап мамандықтардың біріне айналды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста