Киіктің киесін ескермеген қылмыскерлер қолға түсті

Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында киік атқан қаныпезер қылмыскерлер қолға түсті. Пайданы ойлағандар үшін табиғаттың сұлулығы да, жануардың киесі де бір тиын болған.
«Охотзоопром» кәсіпорны мамандары­ның мәліметінше, арнайы шара барысында Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарас­ты Дияр тақырында УАЗ автокөлігіне мінген екі браконьер қолға түсті. Олар: 1969 жылғы Әлімгерей Дайрабаев және 1983 жылғы Бекзат Дайрабаев. Екеуі де Маң­ғыс­тау облысы Бейнеу ауданынан. Тексеру кезінде олардан 30-дан астам киіктің тушасы табылды. Табиғатқа кесапат келтір­ген азаматтардың жеке құжаттары мен олардан алынған айғақ заттар Байғанин аудандық ішкі істер департаментіне тапсы­рылды. Сондай-ақ қарашаның 26-сы күні «Охотзоопром» кәсіпорны мамандары киік атқан тағы бірнеше қылмыскердің жолын кесті. Мамандардың мәліметінше, Қарағанды облысының Ақшала қыстағы­нан 30 шақырым жерде екі джип автокөлігі көзге түскен. Көліктің соңынан қуған мамандар олардың тек біреуін қолға түсіріп, үш адамды ұстады. Олар: Сергей Ким, Андрей Райбеков және Ғалымжан Серпенов. Үшеуі де – Қызылорданың тұр­ғындары. Олардың 11-нің киікті атқандығы белгілі болды. Қазір ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста