Киіктерді өлтірген індет емес, қоршаған орта дейді...

Батыс Қазақстан облысының Қазталов және Жәнібек аудандарында ақбөкендердің қырылуына пастереллез дерті емес, экологиялық жағдай әсер етуі әбден мүмкін. Кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мамандар осындай мәліметті алға тартты.

Еліміздің батыс аймағында болған киіктердің оралдық популяциясының жаппай қырылуына қатысты қолға алынған зертханалық тексеру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған пастереллез дерті себеп болған. Дегенмен мамандар мұнымен келіспейді. Олардың болжауынша, ақбөкендердің өліміне сол аймақтағы қоршаған орта жағдайы ықпал еткен. «Бағалы жануарлардың жаппай қырылуына экология әсер етті деген болжам жасап отырмыз. Оған өзіндік себептер де бар», – деген ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының профессоры Аманқұл Бекенов эпидемиологтар жасаған қорытындыларға күдік келтірді.

Аманқұл БЕКЕНОВ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының профессоры:
– Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол күні тұман түсіп, біраз уақыттан соң аспанды сұр бұлт торлаған. Кейін оқиғадан бірер күн бұрын Атырауда орналасқан өндірістік зауыттардың бірінде апат болып, улы заттардың атмосфераға тарағаны белгілі болды. Егер солтүстік-батыстан жел соғатын болса, киіктердің улануына осы жағдай әсер етуі әбден мүмкін. Ресейдің Капустин Яр полигоны да сол жерден қашық емес. Әлем бойынша ақбөкендер ең көп тараған аймақ – біздің ел. Барлық киіктердің 85 пайызы – осында. Сондықтан ақбөкендердің тағдырына алаңдаулымыз.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, еліміздің батыс аймағындағы бұл апат осымен екінші мәрте қайталанып отыр. Осыдан он екі жыл бұрын, 1988 жылдың мамыр айында Торғай мен Жыланшы өзендерінің аралығында 270-280 мың бас ақбөкен қырылып қалған екен. Содан кейін елімізде киіктер саны күрт азайған. Былтырғы есеп бойынша, Қазақстанда 81 мың киік тіркелген. Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 18-і мен 24-і күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Қазталов аудандарында 12 мың бас киіктің өлігі табылды. Оның 70 пайызы – ешкі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста