Павлодар облысындағы орманды алқаптар «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мен Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан. Ондағы тілсіз жаудың алдын алу мақсатындағы іс-шаралар биыл сәуірдің 10-ында басталмақ.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Мылтықбай Айтжановтың айтуынша, былтыр өңірдің бес орман шаруашылығы аумағында 101 өрт болған. Тілсіз жаудың салдарынан 3 миллион теңгеге жуық шығын келтірілген.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында бүгінгі таңда 12 өрт-химиялық стансысы, жеті өрт сөндіру көлігі, 35 трактор мен 10 кіші өртсөндіргіш кешен қолданысқа дайын. Және өрттің шығуын бақылауға алатын тоғыз бекет жұмыс істейді. Биыл тағы екі өрт-химиялық стансысы қолданысқа беріледі. Ал Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің техникалық-материалдық базасы да өрт қауіпсіздігі кезеңіне толық дайын. Айта кетерлігі, ұлттық парк аумағын әуеден бақылауға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тікұшақ бөлінген.
Қазбек АХМЕТОВ, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының директоры:
– Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігі кезеңіне дайындық жұмыстарына байланысты туындаған мәселелер жоқ. Табиғи резерват құрамындағы қызметкерлер саны 256-дан 322 маманға артты. Жасыл желекті алқаптарды өрттен сақтау мақсатында жергілікті орман шаруашылықтары Алтай өлкесі орманшыларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, арнайы жұмыс жоспарын бекітті. Қар ерісімен резерват аумағын қоқыстан тазарту мен минералданған жолақтарды орнату бойынша жұмыстарды бастаймыз.
Кереку орманы енді өртенбейді
Последние статьи автора