KazSat-3 спутнигі пайдалануға берілді

Қазақстанның үшінші спутнигі - KazSat-3 штаттық пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KazSat-3 қазақстандық байланыс спутнигі штаттық пайдалануға берілді, барлық сынаулар мен қазақстандық байланыс операторларының тестілік қосылулары аяқталды. 2014 жылғы 29 желтоқсанда "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ KazSat-3-ті байланыс және хабар тарату ғарыштық аппаратын жасаушы - Ресейдің академик Решетнев атындағы "Ақпараттық спутниктік жүйелер" ААҚ-дан қабылдап алуды жүзеге асырды", - делінген орталықтың сайтында.

KazSat-3 спутнигінің 28 Ku-диапазонындағы транспондері бар және ол Экспресс-1000НТB платформасы базасында жасалған. Спутниктің орбитадағы белсенді жұмыс істеу мерзімі - 15 жыл.

KazSat-3 телевизиялық сигналдарды қайта таратуға және KazSat спутниктік байланыс жүйесінде Қазақстан мен оған шектес мемлекеттердің аумағында деректерді беру желілерін құруға арналған. Еске сала кетейік, KazSat-3 спутингі осы жылдың 28 сәуірінде "Протон-М" зымыран тасығышымен ұшырылған болатын. Спутник бұған дейін ұшырылған KazSat-2-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев үшінші спутник байланыс саласындағы жеке әрі автономды жүйесін құруға, сондай-ақ байланыс саласындағы қызметтер импортын жыл сайын 4 миллиардтан астам теңгеге азайтуға, сөйтіп, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді деп мәлімдеген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста