Қазақстан мұнайы әлем нарығына жеткізілетін мұнай құбыры туралы толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз.
Каспий құбыр желісі консорциумы – Қазақстан, Ресей және Chevron сынды әлемдік жетекші мұнай өндіруші компаниялар қатысатын ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасы.
Ол ұзындығы 1,5 мың километрден асатын магистральді құбыр желісінің құрылысы және оны пайдалану үшін құрылған. Каспий құбыр желісі консорциумына негізінен Батыс Қазақстандағы ауқымды кен орындарының мұнайы, сондай-ақ ресейлік өндірушілер шикізаты келіп түседі.