Із-түзсіз жоғалған Жолдас Темірәлиев пен Айдар Хасеновтің мәйіттері табылды

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Осыдан төрт жылдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен «Нұрбанктің» бұрынғы топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айдар Хасеновтің мәйіттері табылды. Олардың мүрделері Алматы қаласының тау бөктеріндегі «Қазтелерадио» кешеніне қарасты қоймалар базасы аумағынан табылған. Бұл туралы кеше арнайы брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.
Ресми өкілдің айтуынша, бұрынғы банк қызметкерлері 3-3,5 метр терең­дік­те темір бөшкелерге салынып жер­ленген. «Мәйіттер полиэтилен пакет­термен оралған, мойындары жіппен және темір сыммен байланған. Үстіне әктас төгіліп көміліпті. Мәйіттерді ал­дын ала тексеру нәтижелері бойынша, олар Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасе­новтің денелері деп танылып отыр», – дейді ресми өкіл. Бұл жерде бұ­дан бұрын да қылмыс жасаған орын болуы мүмкін аймақ ретінде тексеру жұмыстары жүргізілген екен. Мәйіттер сол тексеру жұмыстары жүргізілген жер­ден бар-жоғы 100-150 метр жер­ден табылып отыр.
Ресми өкіл сондай-ақ мәйіттерден төрт жылдан астам уақыт бұрын ұр­ланған банкирлердің киім қалдықтары табылғанын да атап өтті. «Біреуінің үс­тін­дегі ішкиімінің қалдықтары сақ­талған. Ал Хасеновтің әйелі күйеуі дәл осындай ішкиім кигенін айтқан бо­латын. Мәйіттердің бірінің тіс про­тездері бар екені анықталды. Сараптама барысында оның Темірәлиевтің про­тездеріне ұқсайтыны да анықталып отыр. Оларды іздеу жұмыстары осы уа­қытқа дейін жалғасты. Соның нәти­жесінде 13 мамыр күні мүрделері табылды. Бұл факт бойынша қыл­мыстық іс қозғалды, бас прокурордың қау­лысымен Бас прокуратураның, ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінен опе­­ративті-тергеу тобы құрылды», – дейді Жандос Өмірәлиев.
2008 жылдың 18 қаңтарында Ал­маты қаласының Алмалы аудандық соты ашық сот барысында «қылмыстық топ құрып, адам ұрлау, ресми құ­жат­тарды қолдан жасау жолымен өзгенің мүлкін ұрлады» деген айыппен Рахат Әлиевке, Вадим Кошляк және бас­қа­ларға (Әлнұр Мұсаев, Виктор Сапо­ж­ни­ков, Төлеген Имашев – автор) үкім шығарған болатын. Алайда ұйым­дас­қан қылмыстық топтың кейбір мү­шелерінің Австрияға қашып үлгергені бел­гілі. Сол себепті олардың біразына сырт­тай айып тағылды. Бұлармен қатар тағы 25 адам сотталды. Олардың бар­лы­ғының да «Нұрбанктің» бұрынғы қыз­меткерлері Әбілмәжін Ғылымов, Жол­­дас Темірәлиев пен Айдар Ха­се­нов­­ті ұрлауға қатысы бары анық­тал­ға­ны белгілі. Ұрланғандардың екеуі – Жол­дас Темірәлиев пен Айдар Ха­се­нов ту­ралы құқық қорғау тарапынан жа­сал­ған елеулі шараларға қара­мас­тан, еш­қандай дерек табылмаған бо­ла­тын.
Қазіргі уақытта сараптама жұмыс­тарын қазақстандық мамандармен қатар, Германиядан арнайы келген кри­миналистер жүргізіп жатыр. «Жақын уақытта биологиялық, фи­зи­ка-техникалық, геномдық зерттеулер жүр­гізіледі. Бұл мәйіттердің кімдікі екенін 99,9% сенімділікпен анықтауға мүмкіндік береді», – деді ол. Сондай-ақ ол Бас прокуратураның «Нұрбанк» АҚ төрағасының бұрынғы орын­ба­сары, ҚР Австриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевті экстрадициялау процесін жал­ғастыруды көздеп отырғанын мәлім етті. «Бұл жұмыс міндетті түрде жалғастырылады», – деді ол.
Осы брифингте Бас прокуратура өкілі кеше Ақтөбеде елді дүрліктірген тө­тенше оқиғаға қатысты ресми тү­сі­ніктеме берді. Ертеңгілік мезгілде Ақтөбедегі Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің облыстық ғимаратында жа­рылыс болған еді. Әлдекім өзін-өзі жа­рып жіберуге әрекеттенген.
Жандос Өмірәлиев, Бас прокуратураның ресми өкілі:
– Мамырдың 17-сі күні жергілікті сағат 9.30 шамасында қылмыстық топ ұсталды. Бірнеше қылмыс жасағаны үшін сезікті болған Рақымжан Махатов жауапкершіліктен бой тасалау мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ғимаратында қолдан жасалған, күші шағын жарылғыш қондырғыны қолдана отырып, өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан Р.Махатов оқиға орнында қайтыс болды. Ал ғимарат қасында болған екі азамат жараланды. Бірі – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкері. Ал екіншісі – күзетші. Осы факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста