ЮНЕСКО қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізді
ЮНЕСКО қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйым сайтына сілтеме жасап.
"Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитеті адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының қайта таныстыру тізіміне жаңа он элемент енгізді, олардың қатарында "Вырумаа үйезіндегі дәстүрлі монша (Эстония)", "Қазақтың домбырамен дәстүрлі күй орындау өнері (Қазақстан), "Қырғыз бен қазақтың киіз үй тігу тәсілдері (көшпелі түркі халқы)" (Қазақстан, Қырғызстан) бар", - делінген ЮНЕСКО хабарламасында.
"Қазақтың күйі қос ішекті дәстүрлі, алмұрт іспеттес, ұзын мойыны бар аспап - домбырамен орындалатын жеке аспапты қойылым дегенді білдіреді. Күйдің маңызы тарихи түп тамыр мен салт дәстүрді байланыстырып классикалық және суырып салма орындау арқылы халықпен байланысуында жатыр. Күй отбасылық немесе көпшілік жиындарда орындалады және әдетте аңыз, әңгімелер қоса айтылады. Домбырамен күй орындаудың қазақ халқының әлеуметтік бірлігі мен өзіндік ерекшелігін, ауызбіршілігін сақтаудағы атқаратын маңызы зор", - делінген ЮНЕСКО сайтында.
Комитет отырысы Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өтіп жатыр және ол 28 қарашада аяқталады. Материалдық емес мәдени мұралардың қайта таныстыру тізіміне материалдық емес мұралардың әралуандығын және барша адамзат үшін оның маңызын түсінуге ықпал ететін элеметтер енгізіледі.