Итеріп оталдырып жүр: Қызылордалықтар жаңа жедел жәрдем көліктерінің жұмыс істемейтінін айтып шағымданды

Әлеуметтік желіде Оңғар Саймосаев есімді қолданушы Қызылорда облысындағы алынған су жаңа жедел жәрдем көліктерінің автотұрақта жұмыс істемей тұрғаны туралы жазба қалдырып, шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бір ай бұрын аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова орталық алаңда салтанатты түрде тапсырған жедел жәрдем көліктерінің бүгінгі көрінісі", - деп жазды қолданушы тұрақта тұрған көліктердің суретін жариялап. 

 
Бұл жазбаға пікір білдіргендер де көп болды. Олардың қатарында көліктердің оталмайтынын өз көзімен көргендер де табылды. Сонымен қатар, олар облысқа басқа аймақтардан қалған "қалдық" көліктер алынып келгенін айтты. 

"Мен бір көргенімді айтайын. Осы машиналарды орталық алаңға апарып облыс әкімі тапсырды ғой. Тапсырмас бір күн бұрын осы автотұраққа жұмыстарыммен барғанмын, сол кезде осы су жаңа машиналарды итеріп оталдырып жүр. Әңгімелерін тыңдасаң біреуі мақтап отырған жоқ. Ертең әкім береді сосын бұзылып тұрады ғой дейді. Негізі бұл машина шыныменде бұзылып тұрған сияқты. Көзбояушылықтан ешқашан құтылмаймыз ау", "Облысқа басқаның мусорын алғызған шығар қып-қызыл ақшаға, жаңа ма өзі", "Сол көліктер жұмыс істеп тұрса, қаншама адам қиналмайтын еді", - деп қолдады басқа қолданушылар. 

Бұл жағдайды Қызылорда облыстық жедел жәрдем қызметі түсіндіріп берді. Олар 40 дана автокөлік алынып, ол жиырма күнде рәсімдеуден өткенін, ешқандай олқылықтары жоқ екенін айтты. 

"Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына "Қазақстан Республикасында жедел жәрдем автокөліктерін жаңарту жол картасы" негізінде лизинг арқылы 40 дана автокөлік алынды. Қаржы лизингі келісім- шарт талаптарына сәйкес бір ай көлемінде рәсімдеу мерзімі қаралған. Қазіргі таңда 40 дана автокөліктердің техникалық құжаты (тех.паспорт) және мемлекеттік нөмірлері рәсімдеуге берілген уақыттан ерте жалпы 20 күн ішінде алынып мемлекеттік тіркеуден өтті", - дейді олар.  

Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметі қазіргі таңдай аймақтақанша көлік бар екенін, олардың жұмыс істеу тәртібі туралы айтты. Оған қоса, қосымша қорда да қырыққа жуық көлік бар көрінеді.

"Автокөліктерді сақтандыру жұмыстары, келісім-шартқа отыру мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес аяқталу үстінде және уақытылы жүргізілуде. Алдымыздағы аптаның аяғына дейін ОГПО және КАСКО сақтандыру жұмыстары жүргізіліп, қала аудан және санитарлық авиация бөлімінің автокөліктерін жаңарту жоспарлануда. Барлық рәсімдеу жұмыстарына дейін Кәсіпорын теңгеріміндегі, айналымында жүрген автокөлік саны толығымен Қызылорда облысы тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсетуге жеткілікті. Қалада 22 және  ауданда 27 шақырыс тобы алғашқы медициналық жедел жәрдем көмегін көрсетуде. Қосымша қорда қалада10 дана, ауданда 15 дана көлік бар", - деп нақтылады жедел жәрдем қызметі. 

Қазір автокөліктер айналымға кірмепті. Жаңа көліктер қолданысқа кіргеннен кейін облыстағы көліктердің 96% пайызы ауыстырылады. 

"Су жаңа 40 санитарлық автокөлік айналымға кіргеннен кейін, Кәсіпорын автокөліктер паркі 96% пайызға жаңаратын болады. Айналымнан шығатын автокөліктер ҚР заңнамасына сәйкес тәртіппен есептен шығару жоспарлы түрде жүргізіледі. Аталмыш автокөліктер шамамен желтоқсан айының 07 жұлдызына дейін барлық қала және аудан бөлімшелеріне тарату жоспарланған", - деп түсіндірді жедел жәрдем қызметі. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста