Ішкі істер министрігіне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмыстарын ұйымдастыру құзыреті берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған ҚР Үкіметінің қаулы жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктеріне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру құзыреті берілсін», - делінген жаңа редакцияда.
Үкімет қаулысының жобасы 6 наурызға дейін көпшілік талқылауда болды.
Қоса кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция мен Көші-қон қызметі комитеті таратылатынын хабарлап едік.