ҚР Ішкі істер министрі СҚО Жамбыл ауданының 11 сынып оқушысына ашық хат жолдады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.
 Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күнінде он бірінші сыныптың оқушысы Данила Гордеевке Жамбыл ауданының ПБ қызметкері ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтауын табыс етті.
"Құрметті Данила Александрович! Бұл жарқын да айрықша мерекеде саған мықты денсаулық, оқуда сәттілік пен жетістіктер тілеймін!" - дейді генерал.
 Жасөспірім &ndash қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан жүргізуші-полицей Александр Гордеевтің кіші ұлы. 
Полиция старшинасы Александр Гордеев қызметін 1992 жылы бастаған, ол автотехниканы басқаруда өз ісінің шебері болған. 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ол және АІІБ бастығының орынбасары полиция майоры Ерік Оспанов іссапардан келе жатқан. Кенет жолдың қарсы бағытына мас жүргізушінің басқаруындағы "Toyota Camry" көлігі шығады. Екі полицей де оқиға орнында жан тапсырған&hellip 
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлер мәңгі жүрегімізде сақталады. Бұған дәлел Министрдің құттықтауы. Ескере кететіні, Гордеевтер отбасы өмірін ІІО-мен байланыстыруында. Оның жұбайы Ольга Николаевна ПБ-да хатшы болып жұмыс істейді. Үлкен ұлы Антон 2017 жылдан полиция сапында, уақытша ұстау изоляторында кезекші болып қызмет атқарады. Данила жайлы айтатын болсақ, ол заңгер мамандығы бойынша оқуға түсуге дайындық үстінде. Ерлан Заманбекұлының құттықтауына қосыла отыра, жас жеткіншекке қандай мамандықты таңдаса да, ол әкесі сияқты өз ісінің майталманы болсын деген тілек білдіремін, - дейді Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.