Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйел адамның айтуынша, дүкенінде қуаттаулы тұрған "Орро" маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 200.000 теңге.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Орын алған ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті бөтеннің мүлкін сатып, ішімдікке жұмсаған. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп алып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі