«Ішек-қарны ақтарылып қалған»: Петропавлда үш жасар қызды электршалғы кесіп кетті

«Ішек-қарны ақтарылып қалған»: Петропавлда үш жасар қызды электршалғы кесіп кетті

Петропавлда үш жастағы қызды электршалғы кесіп кетіп, бүлдіршіннің ішек-құрылысы ақтарылып қалған, деп хабарлайды “КТК” арнасы.

Қазір қыздың жағдайы ауыр. Жұмыс істеп тұрған электршалғы қыздың 6 жасар ағасының қолында болған.

Алты жасар бала көгал шабатын шалғымен ойнап жүрген. Ал кішкентай қарындасы шөп арасында жүріпті. Құрылғы пышағы балақайдың дәл қарнын тіліп түскен. Ішек-құрылысы ақтарылып қанжоса болған қызды дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қолынан келгенін жасап, оның өмірін сақтап қалған.

Кешікпей санавиациямен облыс орталығынан келген мамандар бірден ота жасады. Түнгі 12-де басталған та таңғы 6-ға дейін созылған. Асқазанды жалғап, бауырдан кеткен қанды тоқтату, жыртылған, кесілген ішектерін жалғау дәрігерлерге оңайға соқпаған. Қазір кішкентай науқас облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қыздың жағдайы ауыр.

“Ауруханаға түскен кезде қан қысымы нөлге жақындаған. Барлық дұрыс шара жасап, баланың өмірін құтқарып, санавиация келгенге дейін өмірін сақтады. Енді жағдайы өте ауыр. Жарақат алғаны, 2-ден күрделі отадан өткеннен жағдайы ауыр. Өте қауіпті, өте күрделі, өте қиын жағдай болып тұр”, – дейді СҚО балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрлан Айманов.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста