Атышулы “Ирина Кайратовна” тобының әншісі Азамат Маркленов пен жұбайы Шынар Ихсанованың тұңғышы дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/irinakairattovna
Бұл туралы өнер иесі ешқандай мәлімдеме жасамаса да, желіде жас әншінің сәбиін шығарып алған сәтіндегі суреттері тарады. Азаматты топтағы әріптестері Илья мен Алдиярдың қолдап келгенін көруге болады.
Желі қолданушылары өнер иесін қуанышымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнап жатыр.
“Бауы берік болсын”, “Әйелі сұлу екен”, “Шын жүректен құттықтаймын”, “Сәбиіңнің қызығын көріп, оған лайықты, үлгілі әке бол”, “Денсаулығы мықты болсын”, Құтты болсын”, – деп жарыса жазды желдегілер.