Өскеменде Катон-Қарағай ауданының тумасы, 25 жастағы ер адам "ипотека рәсімдеуде" көмектесетінін айтып, 5 адамды алдап кеткен. Жалпы шығын мөлшері 17,5 миллион теңге, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алаяқ белгілі жүйемен жұмыс істеген. Алдымен адамдардың сеніміне кіріп, кейін алдын ала төлем сұраған. Ақшаны алған соң азаматтардың нөмірін бұғаттап тастаған.
Тергеу кезінде Үлбі ауданының полицейлері алаяқтың жылжымайтын мүлік нарығына еш қатысы жоқ екенін анықтаған. Ал ақшаны өз қажетіне жұмсаған.
Жедел-іздеу шараларының нәтижесінде ер адам толға түскен. Оған қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпас шарасы тағайындалған.