iPhone-ға қазақша клавиатура жасалады
Сарань кәсіпкері (Қарағанды облысы) Бауыржан Мұқатаев жаңа Apple iOS 8 операциялық жүйесіне қазақша клавиатура жасауға бел буды. Мобильді қосымшаны ол AppStore ресми интернет-дүкенінде сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Новый Вестник".
Сәрсенбі күні өңір әкімі Нұрмұхамед Әбдібековтың қатысуымен өткен отырыста кәсіпкер өз ойын іске асыру үшін бір миллион теңге грант сұрады. "Менің жобамның мәні мынада. iPhone бастапқы кезден қазақ тілінін танымайды, яғни қазақша жаза алмайсыз, хабарлама жіберіп немесе интернетте хат-хабар алмаса алмайсыз. Менің мобильді қосымшам бұған мүмкіндік береді, клавиатура операциялық жүйе деңгейінде жұмыс істейтін болады", - деді Мұқатаев.
Оның айтуынша, iOS 8 шыққан соң Apple компаниясы құрастырушыларға операциялық жүйе негізінде қосымшалар жасауға рұқсат берді. "Сегізінші нұсқаға дейін мұны жасауға тыйым салды. Ал негізінде мен бұл қосымшаны ертеректе жасап қоятын едім", - деп жауап берді кәсіпкер әкімнің мұндай қосымшаны шығару заңды түрде жүзеге асыру жағдайы туралы сұрағына.
"Егер солай болса, онда бұл жақсы. Біз қарсы шықпаймыз, тек ертең миллиардтаған сомаға татитын үлкен қақтығыстар болып қалмауы үшін ескертіп отырмыз. Егер бұл мүмкін болса, әрине жасаңыз. Бірақ ескертеміз, қарамайшылықтар болып қалып жүрмесін. Бізде он жыл бұрын оқиға болған. Қазақстандық жігіттер, бірі бағдарлама жасаушы, екіншісі заңгер бүлдірген. Бағдарлама жасаушы бір белгілі жүйенің әлсіз тұстарын тауып, олар компанияға жүйедегі сол қателіктерін сатқысы келген. Компания оларды Нью-Йоркқа шақырады. Онда біздің пысықтарды ұстайды. дау жер-әлемге таралады. Оларды қамайды. Сіз мұндай жағдайға дайын болыңыз. Apple шақырып алады да, ұстап алады. Біз болсақ бір ақылды адам табылды екен деп ойлап отырмайық", - деп әзілдеді Қарағанды әкімі.
Айта кетейік iTunes Store онлайн-дүкенінде "Казахская клавиатура" деген атпен бір қосымша бар. Оны Grigori Jlavyan есімді біреу жасаған. Қосымша сипаттамасында оның iPhone, iPad және iPod touch құрылғыларына арналып, iOS 6.1 және одан ескі жүйелеріне сәйкес келетіні жазылған.