«Іңгә» да теңге тұрады

«Іңгә» да теңге тұрады

Қазақстанда әрбір отбасылық жұптың 15-20 пайызына бедеулік тән. Ақтөбедегі жағдай да көңіл көншітерлік емес. Ақтөбе облыстық отбасын жоспарлау орталығында қазір 300-ден астам бедеу әйел тізімде тұр.

Орталықтың гинеколог дәрігерлері қыз-келіншектер арасында жасанды ұрық­тандыруға сұраныстың артқандығын айтып отыр. Алайда ұрықтандырудың ЭКО әдісін кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Оның бір жолғы емінің өзі 500 мың теңгені талап етеді. Ал республика­лық ЭКО-орталықтарға бөлінетін тегін квота жыл сайын облыс бойынша тек бес адамға ғана бөлінеді. Бұл теңізге там­ған тамшыдай ғана. Сондықтан шаңы­рағында сәбидің күлкісіне зәру қалған жандар жылдар бойы кезекте тұруға мәжбүр. Ақтөбедегі отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-дәрігері Клара Утянованың айтуынша, егер отбасын жоспарлау орталығына арнайы медициналық жабдық сатып алынса, ЭКО әдісі облыс тұрғындарына да қолжетімді болар еді. Өйткені Ақтөбе­де экстракорпоралды ұрық­тандыру тәсіл­дерінің егжей-тегжейін бі­летін мамандар жеткілікті. Орталық дәрі­герлерінің ай­туынша, ең қажеттісі – ар­найы микроскоп пен екі арнайы инкуба­тор. Қажетті жабдықтарға шамамен 50 миллион теңге көлемінде қаражат керек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста