Йемен астанасына жасалған әуе шабуылының салдарынан 20-ға жуық адам қаза тапты

Йемен астанасына жасалған әуе шабуылының салдарынан 20-ға жуық адам қаза тапты

Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемен астанасы Сана қаласына әуе шабуылдарын жасады. Алдын ала деректер бойынша шабуылдан 20-ға жуық адам қаза тапқан. Оқиға хуситтердің Біріккен Араб Әмірлігіне жасаған шабуылынан кейін бір күннен соң орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сейсенбі күні таңертең коалиция Санадағы лагерьлер мен бекініс бекеттеріне әуе шабуылын бастағанын мәлімдеген. Бұл бекіністер Иранмен байланысы бар хусит тобына тиесілі. 

"Reuters" басылымының мәліметінше, бұрынғы әскери шенеуніктің үйіне зымыран ұшырылған. Нәтижесінде хуситтердің басшысы генерал-майор Абдулла Касем әл-Джунаид пен оның әйелі, 25 жастағы баласы мен өзге де отбасы мүшелері көз жұмған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, әскерилер 7 баллистикалық зымыран ұшырған. Олардың екеуі Сананың батысындағы ауданға түсіп, 5 үйді толығымен қиратқан. Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Біріккен Ұлттар ұйымы екі жақты барынша сабырға шақырды.

"БҰҰ бас хатшысы жақын арада болған әуе шабуылына қатысты алаңдаушылығын білдіреді. БҰҰ басшысы екі жақты келіссөз жүргізіп, Йемендегі жанжалды тоқтатуға шақырады", – деп мәлімдеді БҰҰ басшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик. 

2014 жылы көтеріліске шыққан хуситтер Сана қаласы мен Йеменнің басым бөлігін жаулап алған еді. Эр-Рияд бастаған Араб коалициясы жанжалға 2015 жылы араласып, үкіметке қолдау білдірген. 

Айта кетейік, дүйсенбі күні хуситтер Біріккен Араб әмірлігінің әуежайы мен мұнай танкерлерін шабуылдаған болатын. Нәтижесінде үш адам мерт болған. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста