Ядролық отын жағуды меңгере аламыз ба?

Қазірде халықаралық сарапшылар «жер қойнауындағы мұнай-газ қоры түгесілген кезде, атом реакторларының дәуірлеу кезеңі басталады. Адамзат сол кезде атом энергетикасына мойынсынып, қызметіне тәуелді болады» деген пікірлерді жиі қаузайды. Негізінен, болжам бойынша 2020 жылы әлемдік тұрғыда энергияның барлық түрлеріне деген сұраныс жоғарылап, оны қолдану екі есеге артады. Сол кездерде энергия өндірудегі атом энергиясының үлесі бүгінгі күнгі 14-17 пайыздан 35 пайызға дейін өседі деп пайымдалып отыр.
Жалпы, атом энергетикасы саласында Қазақ елі ресурсқа бай, кен қоры ауқымды мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл ретте бізде өндірістің қуатын арттыратын мұнай, уран, көмір, газ тәрізді элементтер қоры жетіп-арты­лады. Өкініштісі, біз осы өндірісті «дүрілдететін» кен қорларын шетелге шикі күйінше ғана экспорттауға қабілеттіміз. Бір ғана уран қорын шикідей шетке тасуда қатарынан неше жыл бәйгенің алдын бермей келеміз. Әрине, бұған кеуде керіп мақтануға да болады. Бірақ... Қазірде есі бар ел «етек-жеңін қымтап», қолында барын шетке тасу әдетінен арылғалы қашан? Бүгінде болашақтың валютасы энергия болаты­нын сезініп үлгерген елдер нақ қазір ядролық отын банктерін құру, атом ресурстарынан тұрмысқа қажетті халық тұтынатын заттар алу; атом ресурстарын медицинада қолдану; аталмыш ре­сурстарды пайдалану арқылы өндіріс қуат­ты­лығын арттыру жайын жиі қаузайды. Осы тұста біздің отандық сарапшыларымыз Қазақстан үшін ең тиімдісі елде ядролық отын банктерін құру екенін алға тартады. Ақиқатында, атом өнер­кәсібін жандандыру мақсатында елде ядролық отын банктерін құру жайы алғаш сөз болған тұста қайсыбір ғалымдарымыз «бұл банктің болашағы сенімсіз, мұндай банктер құру арқылы табысқа кенелуіміз екіталай» деген-ді. Әйтсе де отандық ғалымдарымыздың тағы бір легі аталмыш банктердің ел экономикасына пайдалы тұстары барын дәлелдеп бағуда.
Мәселен, бұл ретте Ұлттық яд­ро­­лық орталығының Ядролық фи­зи­­ка институты директорының ғы­лы­­ми істер жө­ніндегі орын­ба­са­ры На­сурл­ла БӨРТЕБАЕВ былай дей­ді:
– Ядролық отын банкі – тек Қа­зақ­стан үшін ғана емес, әлем бойынша қа­жет нәрсе. Қазір осы ядролық отын бан­кінің мүмкіншіліктері мен ерек­ше­лік­те­рі туралы жиі айтылып жүр. Бұл деген – нағыз коммерциялық жоба. Яд­ролық отын банкін құруды атом өн­ді­рісі са­ла­сын­дағы пайда табудың көзі деп білуге бо­лады. Келешекте алтын мен күмістің, мұ­най-газдың парқынан энер­гиялық отын­ның құны артығырақ бо­лады. Осы тұр­ғыдан алатын болсақ, яд­ролық отын­дар банкін жасау – атом энер­ге­ти­ка­сының деңгейін жоғары көтереді. Егер біз ядролық отын банкі жо­басын іске асыра алсақ, өздерінде яд­ролық отын ресурстары жоқ шет мемлекеттер біз­ге кіріптар болып, өз та­рап­тарынан тиімді ұсыныстар ай­та­ты­ны айдан анық. Сондықтан бізге яд­ро­л­ық отын банктерін құру керек. Яд­ро­лық отын сақтайтын арнайы қой­ма­лар жасақтау керек. Бұл – табысқа ке­нел­тетін жоба.
Сөйтіп, Ұлттық ядролық орталық ма­ман­­дарының байыптауынша, бізге яд­ро­лық отын банкін құру тиімді болмақ. Бұған қа­тысты мамандар «елде жеткілікті ресурс­тар қоры бар, ендігі кезекте жобаны іске асы­ру қажеттілігі тұр» дейді.
Банкті қай аймақтан салған жөн?
Ал енді банкті құру туралы ұсыныс ай­тыл­ды, жоба бар. Тіпті қайсыбір сарап­шы­­­ларымыз банктің шаруасын дөң­ге­ле­тетін ма­мандарымыздың да даярлығы осал еместігін айтып қалды. Ендігі сауал «ол яд­ро­лық банктер қай аймақтан құ­ры­луы мүм­кін?» дегенге саяды. Бұл тұр­ғыда ға­лымдарымыздың дені ядролық банк­терді құ­руға қолайлы аймақ – Семей по­лигон ай­мағы екенін алға тартады. Ма­мандар Се­­мей полигон аймағында үлкен ірі жарылыстар болғандықтан, сол жа­ры­лыс­тардан қалған әртүрлі радиоактивті қал­дықтарды сақтап қоятын қоймалар бар екенін, осы қоймалар күні ертең яд­ролық банктер қоры болатынын мысал ете отырып, «ядролық банктерді Семей поли­гон аймағынан құру тиімді» деседі. Бұл тұр­ғыда техника ғылымының докторы, про­фессор Қайыр ЖҰБАНОВ:
– Семей полигонының бір ерек­ше­лігі – онда қалдықтарды сақтайтын қой­ма­лар уақтылы жасалып қойылған. Мә­селен, бізде медицинада ампулдық ра­диоизотоптық материалдар қол­да­ны­лады. Осы препараттарды уақыты өт­кеннен кейін бір жаққа апарып көму ке­рек. Осындай медицинада қолданып жүрген ампулалардың 50 мыңға жуы­ғы қазір сол Семей полигон айма­ғы­ның қоймасында сақтаулы. Сондай-ақ өнеркәсіпте қолданып жүрген ра­дио­ак­тив­ті қалдықтарды да сол жерге апа­рып сақтап, көміп отырмыз. Еске сала кет­кен жөн, Ақтаудағы тоқтатылған БН-350 реакторының ядролық отыны да толығымен осы Семей поли­го­нын­дағы сақтау қоймаларына көшірілді. Де­мек, бізде ядролық отын қоймалары бар. Біз көп елдерде мұндай мүмкін­ші­лік­тердің жоқ екенін ескеруіміз керек. Бұл – бізге берілген мүмкіндік. Мысалы, бізде уран қоры мол. Бүгінде дүниежүзі елдері уранымызға қолқа сала бастады. Бірақ біз үшін шикі уранды өңдеп, оны энергиялық отын ретінде сатқан өте тиімді. Бұл– ядролық өндірістің пай­да­лы бағыттарының бірі. Өз басым Семей по­лигон аймағы осы банктің жұмысын ұйым­дастыруға қолайлы аймақ деп бі­лемін, – деді.
Қауіпті сейілту керек
Рас, мамандар мысал етіп отырғандай, Семей полигонының сынақ алаңдарында 400-ден аса атом бомбасы жарылған. Жа­рылған атом бомбаларының басым көп­шілігі атышулы «Сынақ алаңында» жә­не «Дегелең» тауларында сыналды. Осы жа­рылыстардың есебін пайда болған радиациялық дозалардың негізін ыдырап үлгермеген плутоний-239, цезий-137 және стронций-90 радиоизотоптары құ­рай­ды. Сол себептен осы жерлердегі жа­ры­лыстың эпицентрлеріндегі радиа­ция­лық деңгей өте жоғары. Сондықтан да Се­мей полигонындағы осы қауіпті аймақ­тар­ға кіруге бүгінде қатаң тыйым са­лын­ған... Десек те, ғалымдардың пікірінше, по­лигон аймақтарының да қауіптілік дең­гейі жыл сайын төмендеп отырады. Сон­дықтан бұдан қорқудың қажеті жоқ. Ке­рі­сінше, атом энергетика саласындағы тың жа­ңалықтарға құлақ түріп, атом реак­тор­ла­ры туралы ақпараттарға тереңінен үңі­ліп, «осы саланы өркендетуге, дамытуға ат­салысамын, ірі көлемде инвестиция құя­мын» дегендерге емен-жарқын көз­қа­рас­пен қарағанымыз абзал. Бұл ретте ғалым На­сурл­ла Бөртебаев: «Іс жүзінде қазіргі уа­қытта полигон аймақтарында шашылған радиоактивті элементтері бар жер қабаты 30-40 см-ге дейін сыпырылып алынып, ол қоршаулардың ішінде арнайы қазылған шұңқырларға көмілген. Олар енді әрі қарай тереңдей бермесе, жердің бетіне шы­­ғып, зиянын тигізуі мүмкін емес. Бұл атал­мыш полигон аймақтарының қа­уіп­ті­лік деңгейі жыл сайын төмендеп отыра­тынын білдіреді», – дейді.

Түйін
Жалпы, ядролық отын банктерін құру, осы мақсатта полигон аймақтарын қолданысқа беру, атом өнеркәсібін дамыту мәселесі сөз болғанда біраз қауымның бұл жаңашылдықты жатсынатыны да рас. Десек те, қазірде Кеңес өкіметінен қалған полигон аймақтарының жағдайын, деңгейін, болашағын зерттеу жұмыстары жалғасын табуда. Тіпті қайсыбір зерттеулер ол аймақтарда шаруашылық ісін жүргізуге мүмкіншілік барын да дәлелдейді. Осы ретте мамандардың дені «атом өнеркәсібі атауынан ат үркетін нәрсе емес, тереңіне үңілсек, бұл салада біз өзіндік бренд жинап, шетелге қымбат бағамен ядролық отынды сатуды да, оны жағуды да меңгере аламыз» деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста