Ғылым ордасына – 55 жыл

Гвардейск қалашығындағы офицерлердің гарнизондық  үйінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 55 жыл толуына арналған жас ғалымдардың «Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ғылымды инновациялық дамыту» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен мамандардың шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарға қызығушылығын арттыру.
Жиын Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің ғылыммен айналысатын жастары арасында өзара байланысты арттыра түсуге дәнекер болуды да көздеді. Конференцияның ашылу сал­танатында Биологиялық қауіпсіздік проб­ле­ма­лары ғылыми-зерттеу инс­титутының бас дирек­торы, вете­ринария ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА кор­рес­пондент-мүшесі А.Р.Сан­сыз­бай құттықтау лебізін білдіріп, жас ғалымдарға сәттілік, ғылыми табыстар тіледі. Сондай-ақ «Я.Р.Коваленко атын­дағы сынақтық ветеринарияның бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» МҒМ виру­сология зертханасының меңгерушісі, РФ ғылы­мының еңбек сіңірген қайраткері, про­фессор К.В.Юров, MRI Global (АҚШ) бас ғылыми қызметкері Конрад Томас, Жамбыл облысы Қордай аудандық  мәс­лихатының хатшысы Б.Ә.Әлімбет, «Санэпидсараптама және мониторинг» PМKK директорының орынбасары, про­фессор Ә.М.Айқымбаев, «Отар» 40-әс­кери базаның бастығы, полковник Д.Т.Адырбеков мырзалар өз құттық­тауларын жолдады. Конференция қоры­тындысы бойынша Р.К.Нисанова (І орын, БҚПҒЗИ), А.С.Нұрпейісова (ІІ орын, БҚПҒЗИ), К.А.Шораева (ІІ орын, БҚПҒЗИ), Г.Мұсаева, А.Алиева, М.Сар­мыкова, Т.Ті­леншиева (ІІІ орын, БҚПҒЗИ) диплом­дармен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста