Грантпен білім алған түлектер ауданда лауазымға конкурссыз тағайындалады

Жоғарғы оқу орнын үздік тәмамдаған түлектер конкурстан өтпей-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады. Оқуын грантпен аяқтаған азаматқа ауылды жерлерден және аудандық әкімдіктен лауазым ұсынылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Дархан Жазықбаевтың айтуынша, сенімді ақтамаған мемлекеттік қызметшіні Президент өзі жұмыстан шығара алады. Ал қызметінен қуылған адам мемлекеттік органға 3 жыл бойы кіре алмайды екен.

 

«Екі тоқсан бойы тиімсіз бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі. Төменгі лауазым бос болмаған жағдайда жұмыстан шығарылады. Бұл мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету болып отыр», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

 

Президент резервіне кадр іріктеу биыл да жалғасатын болады. Алайда мамандарды салалық органдардың өкілдері таңдайды. Яғни, қандай салаға маман тапшы сол қызметке адам іздейді. Ал  бізде көбіне IT, энергетика, білім сынды салаға білікті азаматтар қажет.

 

«Қазіргі лғашқы кезең бойынша 300 адам іріктелді. Екінші іріктеуде 50 маман алдық. Жалпы саны - 350. Бүгінде бұл азаматтардың 258-і жұмысқа орналастырылды. 23-і мемлекеттік саяси қызметте, ал 10 адам «А» корпусында жоғары лауазымға тағайындалды», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жоламанов.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста