«ГОК» фильмінің артында қандай хикая тұр?
Фильм авторлары сценарий негізіне алынған оқиғалар туралы шындықпен бөлісті
«ГОК» қылмыстық драмасы шынайы оқиғалар желісі негізінде түсірілген. Бұл үлкен қоғамдық резонанс тудырған фильмдер сериясы соңғы эпизодының премьерасы кезінде белгілі болды.
Жоба сюжеті рейдерлік жолмен басып алу және Қазақстандағы бай минералды кен орнын шетелге сату әрекеті туралы баяндайтыны туралы тағы бір айтып өту керек. Ресейлік олигархтар, ұры шенеуніктер, жемқор судьялар – олардың әрқайсысы мәміледен өз үлестерін алады. Сонымен бірге, кәсіпорынның жүздеген қызметкері жұмыссыз қалғалы тұр, ал КБК құрылтайшысы мен директоры әділеттілік үшін күресте өз өмірлерімен қоштасуға бел буып отыр. Тұжырымдамалық тұрғыдан қарағанда, әр эпизодта сыбайлас элита басқаратын үлкен қылмыстық жүйенің бір бөлшегіне айналған әртүрлі кейіпкерлердің оқиғалары баяндалады.
«Честный взгляд» Youtube арнасынан көруге болатын фильмнің финалдық эпизоды премьерасы кезінде туынды авторлары сюжет Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Обухов титанды кен-қайраңдар тобы айналасында болған оқиғалар туралы ақпарат береді.
Кәсіпорын құрылтайшыларының бірі Виктор Долгалевтің айтуы бойынша, ресейлік «ПромАрсенал» ЖШҚ компаниясы тұлғасындағы серіктестері кен орнындағы жұмысты жүргізетін «Тиолайн» ЖШС компаниясын бақылау мен басқаруды өз қолдарына алғысы келіп жүргеніне 10 жылдан асқан.
Олигархтар – Дмитрий Пяткин мен Александр Фрайман («ПромАрсенал» негізін қалаушылар) тұлғасындағы ресейліктердің мақсаты – бақылаусыз пайда тауып, активті ресейлік «Башқұрт Сода компаниясы» меншігіне сату. Олар бұрын, яғни Ресей Президенті Владимир Путин компанияны мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне алғанға дейін оның акционерлері болған. Ол акционерлерді салық төлемегені үшін және ақшаны оффшорлық аймақтарға шығарғаны үшін айыптаған. Оған қоса, бұл жағдайда Ресей Федерациясының «Башқұрт Сода компаниясы» жарғылық капиталындағы үлесін азайту туралы да айтылды. Мемлекет үлесі 62-ден 38%-ға дейін азайтылды.
Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда Виктор Долгалевпен де болды. Оны да сол адамдар бизнестен алыстатып, жұмыстан шығарған және тең құрылтайшы ретіндегі үлесін азайтқан. Алайда бірнеше жылдан кейін кәсіпкер сот арқылы өз құқығын қалпына келтіріп, ресейлік басқарушылар іс жүзінде қиратқан кәсіпорында жұмысты жолға қоя алды. Бұған қарамастан, жақын арады 400-ден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Тиолайн» ЖШС-мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзуға бел буып отыр.
«ГОК» фильмдер сериясының алғашқы үш сериясымен таныс болған көрерменге түсінікті болғандай, басты кейіпкерлердің бірі Добронравовтың бейнесі толығымен дерлік оның нақты прототипіне негізделген, яғни ол – Виктор Долгалев. Сонымен қатар, аяусыз олигархтың прототипі мен фильмнің басты жауызы Харитоновтың рөлін сомдайтын – Дмитрий Пяткин. Фильмдегі жемқор шенеуніктердің бейнелері де классикалық сыбайлас жемқорлық схемаларына негізделген, олардың істері біздің елімізде ондаған және жүздеген рет қозғалған.
«Қазір біз өте қиын уақытты бастан өткеріп отырмыз, сондықтан адамдардың бізді қолдайтынын білу өте маңызды. Біз кәсіпорынды толығымен қалпына келтірдік,
табысты жұмыс істеп, кен өндіруден рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп жатырмыз. Біздің командаға, нағыз кәсіби командаға рақмет. Менің ойымша, фильмнің негізгі идеясы - туған жер үшін күресу керектігін көрерменге жеткізу. Заңды түрде өзіне тиесілі нәрсені тартып алуға ешкімнің құқығы жоқ. Біз өз кәсіпорнымыз үшін және Қазақстан жері үшін соңына дейін күресеміз», - деді Виктор Долгалев.
Жоба продюссері Михар Сажле «ГОК» фильмінің негізінде шынай оқиға боғландықтан, оның аса маңызды туындыға айналғанын атап өтті.
«ГОК – мен үшін жай кино емес. Мен үшін бұл жоба – әділеттілік пен оның құндылықтары үшін күресті бейнелеудің бір түрі. Өкінішке қарай, бүгінде Қазақстанда экрандағы ойдан шығарылған нәрсе шын өмірде де болып жатыр. Қазақстанда туып, қазақ жерінде тәрбиеленіп ер жеткен адам ретінде мені бүгінгі Солтүстік Қазақстанда болып жатқан оқиғалар қатты алаңдатады. Жақын арада жағдайдың жақсы жаққа өзгергенін қалаймын», - деді Михар Сажле.
Оған қоса, Обухов КБК қызметкерлері әртүрлі мемлекеттік органдарға осы жағдайға әсер ету туралы жүздеген хаттар жібергенін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиісті үндеуін жолдағанын айту керек. Алайда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кәсіпорынмен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады және оның болашағы бұлыңғыр болып тұр.
Обухов КБК-мен туындаған қиын жағдайды шешу үшін «Adaldyq alańy» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасының бастамасымен қоғамдық жұмыс комиссиясы құрылды, ол қазіргі уақытта жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.
Өмірде бұл мәселенің әлі күнге дейін шешілмегеніне қарамастан, кинематографтар өз туындыларында «Ресейлік басқыншылар мен олардың қазақстандық шенеуніктер тұлғасындағы серіктестері кен-байыту комбинаты үшін күресте жеңіске қол жеткізе алды ма?» деген көрермен көкейіндегі ең басты сұраққа жауап беруге тырысты.
Оқиға екінші эпизодтың аяқталған жерінен басталады. Бас кейіпкер, КБК құрылтайшысы Добронравов (Анатолий Креженчуков), серіктесі – ресейлік олигарх Харитонов (Сергей Уфимцев) жалдаған әлеуетті қанішердің – кәсіби киллердің көлігіне мінеді. Сонымен қатар бірқатар басты кейіпкерлердің қатыгез өліміне жол ашатын сюжет шешімі қабылданады. Фильм авторлары финалдың қанды болатынын және кейіпкерлердің барлығы бірдей туынды соңына дейін тірі жетпейтінін айтты.
«ГОК» фильмдер сериясын Михар Сажле продюссерлік ететін «Libertus Film» америкалық тәуелсіз кинокомпаниясы қазақстандық «Olzahzavre Film Factory» киностудиясымен біріге отырып жарыққа шығарды. Барлық эпизодтардың режиссері – Олжас Баялбаев. Ол New York Film Academy-де білім алған және бірқатар қазақстандық және ресейлік жобаларды (оның ішінде Black Star Inc. рэпері Мотпен, «Pizza» тобымен жұмыс істеген) жасауға қатысқан.
«ГОК» фильмінің финалында қазақстандық актерлер Азиз Бейшеналиев («Ликвидатор», «Всемогущий», «28 панфиловцев»), Жан Байжанбаев («Бизнес по-казахски», «Той любой ценой», «Рэкетир»), Анатолий Креженчуков («Фара», «Дорога к матери», «Аманат»), Еркен Губашев («Бизнесмены», «Замуж в 30», «Ласковое безразличие мира»), Елжас Рахим («Свободный», «Когда ангелы спят», «Зере», «Мыстан»), Сергей Уфимцев («Дорога к матери», «Мустафа Шокай», «Ликвидатор»), сондай-ақ қытайлық актерлер – Чу Цзы Чан мен Ван Сянь өз рөлдеріне қайта оралды. Көрермен Роман Жуков («Каракоз», «Несломленный»), Ян Томингас («Приказ вернуться живым») және танымал театр әртісі Виталий Багрянцев сомдайтын жаңа кейіпкерлермен танысады.
Фильмдер сериясының алғашқы үш эпизоды 1 500 000-нан астам қаралым жинағанын айтып өту керек. Қазіргі таңда оларды «Честный взгляд» («Адал көзқарас») әлеуметтік
онлайн жобасының Youtube арнасынан тамашалауға болады: https://www.youtube.com/channel/UCvu-kLgQXkX-lNdb-1Ucixg