Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді. Гуманитарлық көмекті жіберуші &ndash Германия Қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар коронавируспен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік маскалар эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге беріледі.