Қазақстан құрамасының футболшыларына жаңа форма ұсынылды. Оны әзірлеу барысында мемлекеттік рәміздер бейнесі мен қазақ халқының өзіндік ерекшеліктеріне дауыс берген жанкүйерлердің пікірі ескерілгені айтылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан футбол федерациясы мен «Entrea Sport» компаниясы ұлттық құраманың жаңа ойын формасын таныстырды. Жаңа формалар УЕФА бағдарламасы аясында шығарылды.
Айта кетейік, өткен жылы ҚФФ пен УЕФА ұлттық құрамалар үшін жаңа футбол жабдықтарын жасау және қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойған болатын. Келісім ұлттық бірегейлікті білдіретін жабдықтың жеке дизайнын жасау мүмкіндігін қарастырады.
Барлық жабдық 100 OEKO-TEX сертификатының стандарттарына сай, ол денсаулыққа зиянды заттарға өте қатаң шектеулер қояды.
Ойын формасы үш жиынтықта ұсынылған – сары, көк және қара. Киім дизайнын Errea Sport мамандарымен бірлесіп Қазақстандағы ең ірі спорттық дизайн компанияларының бірі - Creeon компаниясы әзірледі. Оны әзірлеу барысында мемлекеттік рәміздер бейнесі мен қазақ халқының өзіндік ерекшеліктеріне дауыс берген жанкүйерлердің пікірі ескерілді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жаңа футбол жабдықтарындағы алғашқы кездесулерін 2023 жылдың маусым айында Сан-Марино мен Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы өткізеді.