Фотосурет өнерінің үздіктері анықталды

Фотосурет өнерінің үздіктері анықталды

Қазанның 5-і күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кәсіпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кездесуі өтті. «Бүгінгі ел фотоөнерінің тынысы» деп аталған басқосуға ардагер фотошежірешілер мен белгілі фототілшілер қатысты. Шараның екінші бөлімінде бұрынырақ жарияланған фотобайқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Алдымен сөз алған журналистика факультетінің аға оқытушысы, «Фотоөнер» қоғамдық бір­лестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы бүгінгі фотография мен фотопублицистика саласының еліміздегі ахуалы жайлы, сондай-ақ фотокөрмелер мен фототүсірілімдер жайлы айтып өтті. Кездесуге келген мамандар студенттерге ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісіп, бірнеше қызықты баяндамалар оқыды. Оның ішінде табиғат түсірі­лімі­нің маманы, «Қазақстанның інжу-маржан­дары» атты фотоальбомның авторы, атақты жур­налист, аудармашы, фотосуретші Бораш Кәкеннің де баяндамасы бар. Сонымен қатар той түсірілімі жанрының шеберлері атынан «Айдаһар премиум» студиясының басшысы Оңғарбек Алхаров сөз сөйлеп, өз жұмыстары жайында қысқаша баяндап берді. Ал әңгіме ауанына аса қызығушылық та­нытқан студенттер қонақтармен сұрақ-жауап ал­масып үлгерді. Ардагер фототілші Нұрғожа Жұ­банов жастардың белсенділігіне қатты таңғалып, факультет басшылары келген қонақтарға риза­шылықтарын білдірумен болды. Шараның екінші бөлімінде фотобайқаудың жеңімпаздары анық­талды. Оның қорытындысын қазылар алқасының төрағасы, «Алматыкітап» баспасының бас редак­торы Альмира Үмбетқызы жариялап, мыңнан жүйрік шыққандар дипломдармен, қаржылай-заттай сыйлықтармен марапатталды. «Ашық алаң» газетінің фототілшісі Серік Өтегенұлы «Үздік портрет», Қызылорда қаласының белгілі фото­сурет­шісі Қайрат Шалтақбаев «Үздік фото­ре­портаж», ал Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің 4-курс студенті Ирина Сокол «Үздік пейзаж» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста