Алматы қаласы кедендік бақылау департаментіне қарасты «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Буркина Фасо еліне бағытталған хаттан есірткі тапты.
Алматы халықаралық әуежайындағы уақытша сақтау қоймасына жүргізілген жедел іздестіру шарасы кезінде DHL пошталық хабарламасының ішінен күнделіктің мұқабасының арасына жасырылған коңыр түсті қоймалжың зат табылған. Химиялық-сот сараптамасы көрсеткендей, салмағы 32,1 грамм болатын күдікті зат «опий» есірткісі болып шықты. Оны оңтүстік астанадағы әлдебір Sanaya Turk мекемесі батысафрикалық Буркина Фасо еліне жолдаған көрінеді. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау үшін алдын ала тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті Контрабандамен күрес жөніндегі басқармасының бастығы Мұхтар Әбдрамановтың айтуынша, мұндай оқиға алғаш рет болып отырған жоқ. Алматылық кеденшілер бұдан бұрын да шай қораптарына, тіпті грек жаңғағының қабығына жасырылған есірткі заттарын тапқан көрінеді. Жалпы, жыл басынан бері төрт келіден астам есірткі заттары тәркіленіп, осы бизнеске қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалыпты.
Есірткіні хатпен жіберетін болыпты
Последние статьи автора