Есім ханның ордасы елеусіз қала бере ме?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

ХVІІ ғасырдың басынан бастап Қазақ хандығының тізгінін ұстаған Еңсегей бойлы ер Есім туралы халық арасында аңыз әңгімелер көп. Ол жаугершілік заманда қазақты бір ту астына біріктіріп, ынтымағын жарастырған тұлға ретінде тарих беттерінен орын алды. Есім ханның тапқырлығы, батырлығы, даналығы және керемет дипломаттық қасиеті аңыз болуға тұрарлық-ақ. Бүгінде көкірек көзі ояу кез келген қазақ баласын түртіп қалсаңыз, Есім ханның ерліктерін санамалап айтып береді.
Сол есімі елге танымал әйгілі Есім ханның Оңтүстік Қазақстан об­­лысында орналасқан ордасы жайында бүгінде көпшілік біле бермейді. Керек десеңіз, оң­түс­тік­қазақстандықтардың біразы бұл ақпардан бейхабар. Тек та­рих­шылар мен осынау Орда ті­гіл­ген қа­зіргі Кеңесарық ауы­лы­ның тұр­ғындары бұл мәлімет жайында сіз­­ге толыққанды айтып бере ала­ды.
Оңтүстік Қазақстан облысына қа­расты Төлеби ауданының Ке­ңе­сарық ауылында Төрткүлтөбе де­ген киелі жер бар. Археолог ға­лым­­дар бұл төбенің тарихи орын екен­дігін бұдан бұрын да айтып, заңды түрде дәлелдеп қойған. Де­­ректерге сүйенсек, Есім хан жау­­гершілік заманда өз орда­ла­рының бірін дәл осы Төрт­күл­төбенің маңынан тіккен екен. Ал тарихи нысанның хронологиялық шеңберіне көз жүгіртсек, сонау Түркеш қағанатына барып бір-ақ тірелуіміз мүмкін. Моңғол-татар шапқыншылығы кезінде аталмыш төбе маңындағы мәдениет жер­мен-жексен болған деседі.
«Мүмкін» деп бекерден-бе­кер айтып отырғанымыз жоқ. Өйт­кені осынау тарихи нысан жайын­да біз әлі күнге шейін тек бол­жамдар ай­ту­мен ғана шек­телуге мәж­бүр­міз. Төрткүлтөбе мемлекет тарапынан қоршауға алынды демесеңіз, бұл жерде бүгінге дейін археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. Жергілікті өлкетанушы ғалымдар болса Есім хан өз ордасын тіккен киелі орынның тарихи ма­ңыз­ды­лығы әйгілі Отырартөбеден еш кем түспейтіндігін айтып отыр. «Тек мемлекет қаржыландырып, қаз­ба жұмыстарын жүргізуге рұқ­сат берсе болғаны», – дейді олар. Бүгінде Кеңесарық ауылында тұ­ра­тын кез келген тұрғынның үйі­нен құнды тарихи жәдігерді кез­дестіруге болады. Мұндағы аза­маттар бау-бақшада жер қа­зып жү­ріп-ақ құмыра, қылыш, қанжар сын­ды әртүрлі көне бұйымдар тауып ала берген.
Алайда ауылға «мұражайдан келдік» деп өздерін таныстырған белгісіз біреулер тұрғындардың қолындағы өте құнды жә­ді­герлердің біразын алып кеткен екен. «Мұражай қызметкерлері» сол кеткеннен мол кетіпті. Содан да болса керек, ке­ңе­с­арық­тықтар қолдарындағы қалған жәді­гер­лерін көзден таса жерде тығып ұстап жүр. «Ауылға мұражай салынса, бәріміз бір­ауыз­дан жинап береміз» дейді олар.
Ауылдан мұражай тұрғызу үшін ал­ды­мен киелі орынның зерттелуі тиіс, әрине. Алайда зерттелу жұмыстары былай тұрсын, кей тұрғындар тарихи нысан маңын қор­шап алып, ол жерден үй тұрғызып қойыпты. Айтуларынша, осыдан бірнеше жыл бұрын бүкіл ел аумағында жүргізілген заңдастыру науқанында осынау жерлерін же­ке­ше­лен­ді­ріп алған. Дегенмен тарихшылар айтулы нысан өз деңгейінде зерттеліп жатса, бұл тұр­ғын үйлердің мәселесі көп ұзамай ше­ші­летіні сөзсіз деп отыр.
Оңтүстікқазақстандық өлкетанушы Өмір Шыныбекұлының айтуынша, бүгінде та­рихи орыннан табылып жатқан жә­ді­гер­лердің барлығы жердің беткі қабатынан шы­ғып жатыр. «Ал оны тереңірек қазып, зерт­тейтін болсақ, тарих беттері жаңа дерек­термен толығатыны сөзсіз», – дейді ол. Расында да, осынау төбенің үстіне шығып, жай ғана секіріп көрген адам жер­ас­тының қуыс екенін еш қиындықсыз бай­қайды. Бір сөзбен айтқанда, Төрткүлтөбе өз зерт­теу­ші­лерін күтіп отыр.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, өлкетанушы (ОҚО):
– Төрткүлтөбенің тарихы өте те­рең­де жатыр. Мұндағы табылып жатқан құ­мыраларды археолог мамандар шамамен екі мың жыл бұрын жасалған деген болжам айтуда. Ал, жалпы, мұн­дай жәдігерлердің Кеңесарық тұр­ғын­дары арасында біразы кездеседі, ішіне адам сыйып кететін құмыраның та­был­ға­нын білеміз. Жаугершілік заманда қол­данған қару-жарақтарды да сирек кез­дестірмейсіз бұл өлкеден. Нағыз зерт­теуге сұранып-ақ тұрған орын бұл.
Осынау Есім хан өз ордасын тіккен тарихи орынға қазба жұмыстарын жүргізсек, көп ұзамай бұл жердің аспан­асты мұражайына айналатынына кү­мә­нім жоқ. Өйткені Төрткүлтөбенің Оты­р­ар­төбеден маңыздылығы еш кем емес. Ал аспанасты мұражайы ашылып жатса, мұнда экотуризм кластерінің де да­ми­тыны сөзсіз. Өйткені Кеңесарық – Қасқасу баурайында орналасқан ауыл, бұл жер – нағыз таулы аймақ. Әр үйде болмаса да, ауыл тұрғындарының біразы жылқы малын ұстайды. Яғни келуші туристер тек мұражайды та­ма­ша­лап қана қоймай, ұлттық дүние­та­ным­нан да біраз хабардар болады. Ат үстінде таулы аймақты аралап, қымыз ішу кез келген шетелдік туристің кө­ңі­лі­нен шығатыны анық.
Дәл бүгінгі күнге дейін Төрткүлтөбеге әлі археологтердің күрегі тие қойған жоқ. Мемлекет қаржыландырып, ке­лі­сі­мін беріп жатса, ғалымдар мұнда зерт­теу жұмыстарын бастауға дайын. Ал осынау тарихи орынның сырлары то­лықтай ашылып жатса, қазақ тари­хын­дағы ақтаңдақтардың біразының жойылатынына сенімдімін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста