Есептегіш құрал өзімізде шығарылады
Жамбыл облысында электр қуатын есептейтін құрал шығаратын зауыт салынуда. Әрине, бүгінгі таңда заманауи құрылғыға деген қажеттілік туындап отырғаны анық. Оның отандық өнім болғаны, әрине, қуанарлық жағдай. Зауыттың құрылысы толық аяқталып, іске қосылған соң, заманауи электр қуатын есептейтін құрал шығаратын болады.
Жаңа құрылғы PLC каналы арқылы ақпарат қабылдайтын болады. Әрі электр қуатын пайдалану мүмкіндігін бақылайтын болады. Өндіріс көлемін ұлғайтудан бөлек су, жылу, газдың қуатын өлшейтін құрылғы шығару да жоспарда бар. Жаңа зауыттың іргетасы қаланып, құрылысы қарқынды басталып та кетті. Пайдалану мерзімі келер жылдың көктемі деп белгіленіп отыр. Сол уақытта тұтынушыға жаңа есептегіш құралдарын ұсына бастайтын болады. Жаңа құрылғының мүмкіндігімен танысып шыққан мамандар оның болашағы зор екеніне күмән жоқ екенін айтып отыр.
Шәміл ХАКИМОВ, «Жамбыл-жарық сауда – 2030» ЖШС-нің директоры:
– Кәсіпорын құрылтайшылары облыс аумағында электр құралдарын, оған қажетті материалдарды, құрылғыларды шығаратын зауыт салу туралы шешім қабылдаған. Ол алдағы уақытта электр қуатын үнемдеу мақсатында қолға алынғалы отыр.