Ерке еліктер неге жоғалып барады?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ерте кезеңде Сыр өңірінің аң мен құсы топ-тобымен өріп жүретін, жасыл желегі жайқалған жұмақ жер болғаны қазір бүгінгі ұрпақ үшін құр әншейін ертегі секілді көрінетіні рас. Адамзат өркениетінің өрісі өрге шыққан сайын табиғаттың тереңнен тартқан тамырына аяусыз балта шауып жатырмыз. Қазір көптеген аң мен құс екі қолдың саусағындай санаулы болып қалды. Аңшылықты кәсіп еткен кейбір адамдар басқасына бас ауыртпай, мылтықтың шүріппесіне жан-жануарларды оңды-солды байлап жатады. Мұндай мейірімсіз көзқарас иен далада желе жортқан талай аң мен құстың басына қара бұлт үйіріп, кейбірінің тұқымын тұздай құртып жібере жаздады. Талай қалам ұстаған қаламгердің жүрегінен жыр болып төгілген еліктер осындай күйге түсті. Дарияның бойында мың жылдай бұрын ерке еліктер молынан кездесетіні жайында араб жиһанкездерінің жазбаларынан оқуға болады. Сондай-ақ облыстың оңтүстік аймағындағы Қаратау етегінде де аталмыш аң топ-тобымен жүргенге ұқсайды. Қазір ше? Еліктер мүлдем жоқ деуге негіз бар. Тек Шиелі ауданында бір-екеуі көзге ұшырасып қалады.
Бұғы тұқымдасына жататын еліктер Еуропа мен Азия құрлықтарында мекен етеді. Дене тұрқы 120-160 сан­ти­метр шамасында. Құйрығы өте қысқа. Ешкісі мүйізсіз бол­са, текесі наурыз-мамыр айында толық жетіліп, жыл со­ңына таман 3-5 ашалы мүйізді болады. Елік кең-бай­тақ даламыздың көптеген өңірінде кездеседі. Мәселен, Іле, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шаньда, Қаратауда, Тар­ба­ға­тай мен Алтай тауларында бар. Еті мен терісі бағалы жа­нуар­ға көз алартқан ағайын да баршылық. Мүйізі де – тап­тыр­мас дүниенің бірі. Осындай қасиетіне байла­ныс­ты кейбір адам­дар оны еріксіз құрбандыққа шалып жа­тады.
Елік жүзге тарта өсімдік түрін қорек етеді екен. Сол себепті еті де талайдың таңсық асына айналса керек-ті. Терісінен өте қымбат тондар тігіледі, жылылығы өте жоғары. 1917 жылы Венгрия астанасы – Будапешт қаласында болған көрмеде оның мүйізі бас бармақпен бағаланып, алтын медальға ие болған деген дерек айтылады. Бейнелеп айтқанда, еліктің сымбатын сипаттауға сөз жетпейді дейді табиғаттың тынысын зерттеп жүрген ғалымдар.
Аталмыш аң арнайы рұқсат арқылы ауланады. Оны кез келген адамның оққа байлай беруіне қатаң тыйым салынған. Дегенмен бұл заң-зәкүн қатаң сақталып отыр деуге келмес. Көзіңді ала бере қоршаған ортаға залал тигізуге әуес кейбір адамдар оған мылтық көздеп жататыны жасырын емес.
Исатай Әбдіразақов, Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:
– Шиелі ауданындағы «Қарғалы» мемлекеттік қорғалымында еліктер тіршілік етеді. Оны біздің өңірде тоғай бұғысы деп те жатады. Еліктер өзен аңғарларында, шөбі бітік, жайылымы мол аймақтарды мекен етеді. Бұрын­ғы кезеңде Қаратаудың етегіндегі «Мыңбұлақ» жайлауында, Жент, Баршынкент секілді көне шаһарлар маңайында болғанын көнекөз қариялардан естіген едік.
Сырдың бойында еліктер неге азайды? Оған байланысты айтылатын жормал түр­ліше. Ілгеріде сыңсыған тоғай өскен, өсім­діктің сан алуан түрі болған дария бойы қазір жалаң күйге түсіп, шөлейтті аймаққа айналып барады. Бұл еліктің өрісін тарыл­тып, саны азайып кетуіне әсер етуі әбден мүм­кін. Сондай-ақ табиғатты қорғауға де­ген селқос көзқарас та дария бойындағы аталмыш жануардың кемуіне алып келді. Ғалымдардың айтуынша, үскірігі бет қарыған қыс айларында олардың емін-еркін жайылуына кедергісін келтіреді. Мұн­дай уақытта еліктерді қамқор­лыққа алып, мүмкіндігінше қолдан азықтан­дыруға жағдай жасағанымыз игі. Деген­мен бізде осындай қамқорлық жетісе бермейді. Саны аз болса да, оларға азық болатын жем­шөпті беруге немқұрайдылық таны­тамыз.
Орманды кесу және егіс алқабының артуы да еліктің азаюына болмаса басқа жаққа ауып кетуіне әсер етті. Табиғатты зерттеушілер осындай жағдайда олардың мамыражай тіршілігін бұзды деп те жорамал жасайды. Өйткені емін-еркін жайылуына өріс тарылып, адамдар көзіне түсе бермеуді қалаған жануарлар өзге өңірлерге қоныс аударуы ғажап емес. Дегенмен басты себеп – адамдардың елікті есепсіз аулауы деп қарауға негіз бар.
Оразбай Сағындықұлы, эколог:
– Мен ұзақ жылдан бері Сыр бойындағы жануарлардың тыныс-тіршілігін зерттеп келемін. Бұл бағытта бірнеше ғылыми-әдістемелік еңбектерім жарыққа шықты. Бір жылдары еліктің тыныс-тіршілігі жайына көбірек зер салдым. Қолыма ілінген дерекке көз салғанда, еріксіз жағамды ұстауға тура келді. Біз бала кезімізде иен даладан елікті көбірек көретінбіз. Қазір біздің аймақта бар-жоғы бес елік қалыпты. Оның өзі арнайы қорғалымда бағылады. Сонда Сырдың жерінде еліктер мүлдем құрыған деуге болады. Біз табиғатқа жанашырлық көрсетсек, бұрынғы аң мен жануарларды қайтадан қалпына келтіруіміз тиіс. Осы мақсатта арнайы бағдарлама жасалса деймін. Болмаса, барлығы да бекер. Табиғат қорғауды қалайды. Мен бірқатар елдің қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмысына қайран қаламын. Олар әрбір аң мен құсты көзден таса етпейді. Тіпті олардың санын тап басып айтып отырады. Бізде де осындай көзқарас болуы қажет қой.
Ақындар «Елігім-еркем» деп жырға қосқан жануар осылайша азайып барады. Осындай күйге түскен аң мен құстарға қамқорлық жасай аламыз ба? Бізде жан-жануарлар жайлы айтқанда, олардың еріксіз азайып бара жатқаны алдымен тіл ұшына орала беретіні рас қой. Біз қашан табиғатты түсіне аламыз осы?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста