"Ер баланы тоғыз жаста үйлендірген дұрыс" - дәрігер
Қазір ер балдар арасында белсіздік, яғни ұрықтандыруға қабілеті активті а (альфа) сперма азаюы көп ұшырауда.
Дәрігер Ғабит Нұрханұлы балаларды 9 жастан үйлендіру керек деп мәлімдеме жасады. Оның айтуынша бүгінде бедеулік ерлер арасында жиі кездесетіндіктен, ұлдарды ерте үйлендірген жөн екен. Бұл туралы Paryz.kz жазады.
Елордалық дәрігер өз ойын өзінің Facebook парақшасында жариялады.
"Он үште отау иесі деп бабаларымыз қалай тауып айтқан. Казіргі заманда баланы он үште емес , тоғыз жастан үйлендіріп тастаған дұрыс секілді, әйтпесе ол үйленем деген 25, 30 жаста уже кеш болады. Қазір ер балдар арасында белсіздік, яғни ұрықтандыруға қабілеті активті а (альфа) сперма азаюы көп ұшырауда. Спермалар ұрықтандыру қабілетіне қарай А (альфа) В (бетта) болып бөлінеді. Оның ішінде тек альфалар ғана ұрықтандыра алады. Жап жас ер адам, ішпейді, шекпейді, спортпен де айналысады, бірақ ұрығында активті Альфалар аз (20% төмен , азоспермия) не мүлде жоқ (аспермия) Енді альфа спермалар қайда екенің іздейік",-дейді ол.
Сол себепті дәрігер ұлдарды ерте үйлендірген абзал дейді.
"Простата сондай активті жұмыс істей бергеннен есейгенде ұрықты адам қоза бастағаннан шығарып әдетке айналып кетеді. Бұл біріншіден альфа ұрықтар азаюына не мүлде шықпауына , екіншіден тез бітіріп қоюына, үшіншіден миы виртуалды махаббатқа үйреніп шын әйелге мүлде қозбай қалуы мүмкін. Сол үшін жасы келсе де үйленбей жүріп алады, не ориентациясы еркекке ауысады. Себебі еркектер бірін бірі жақсы түсінеді, және оның ойынан шығу міндетті емес. Осындай пәлекеттерден ұл қыздарды сақтау үшін мүмкіндік болғанша жыныстық есейе бастағанда бір бірінен бөлек оқытқан дұрыс. Ұлдардың телефондарын үнемі бақылап ішінде не барын, не көріп жүргенің бақылап отыру қажет. Мумкіндік болғанша ерте үйлендіріп, альфа ұрықтарын дұрыс қолдануды үйрету керек",-дейді ол.