Елордалық емханалар медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен таныстырды

Елордалық емханалар медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен таныстырды

Қазір барлық дерлік медициналық ұйым қаржы тапшылығын алға тартып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Қосымша қаржыландыру бола ма? Сызықтық шкаланы алып тастай ма? Тарифтерді көтере ме?» деген сынды сұрақтарды қояды. Десе де кейбір елордалық емханалар бөлінген бюджет аясында қаржыны басқаруды үйренуде, шығындарды оңтайландыру жолдарын іздеп, даму үшін ішкі резервтерді босатып жатыр. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметов жаңа тәсілдерді енгізушілермен кездесті.  

Сәбит Ахметов келелі мәселелерді, оның ішінде медициналық көмекті қаржыландыруға байланысты мәселелерді талқылау мақсатында астаналық №9 және №10 емханаларға барды. Олардың жұмыстарымен танысып, ұйымдастырушылық әлеуетін бағалап, «үздік тәжірибе орталықтары» деп атады.

Тұрғылықты жері бойынша шұғыл медициналық көмек

2023 жылдан бастап №4, 9 және 10 емханалар шұғыл медициналық көмек бойынша пилоттық жобаның қатысушылары болып саналады. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – стационарлардың жүктемесін азайту және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру. Пилоттық жоба негізінде аталған емханаларда арнайы бөлімшелер құрылды. Онда жұмыс уақытында тіркелген азаматтар созылмалы аурулардың өршуі, тері мен тері астындағы тіндердің өткір қабыну аурулары, жеңіл жарақаттар, жаралар, 1-2 дәрежелі күйіктер, көгерулер, созылу, терінің сыдырылуы кезінде, созылмалы аурудан туындаған ауырсыну синдромдарында, жануарлар мен жәндіктер шаққанда, артериялық гипертензия кезінде (егер күрделі жағдай болмаса) және тіпті бөгде заттарды алып тастау үшін де (егер бұл тыныс алу жолдары немесе асқазан-ішек жолдары жағдайында болмаса) өз бетінше жүгіне алады.

Мұндай жағдайларда сақтандырылған мәртебесі қажет емес. Себебі барлық шұғыл медициналық көмек мемлекет тарапынан кепілдендірілген және тегін көрсетіледі. Қажет болған жағдайда пациентке қажетті тексерулер мен манипуляциялар жүргізіледі, амбулаториялық ем тағайындалады немесе тәулік бойы жұмыс істейтін стационарға жібереді.

Сондай-ақ 103 нөміріне қоңырау шалып, үйге жедел жәрдем шақыруға болады. Егер пациенттің өміріне қауіп төнбесе, емханаларға бекітілген жедел жәрдемнің 4-санаттағы бригадасы жіберіледі.

Пилоттық жоба жақында іске қосылғандықтан, ауқымды нәтижелер туралы айтуға әлі ерте. Бірақ бас дәрігерлердің айтуынша, нәтиже бар. Мамыр айында №9 емханада ашылған шұғыл медициналық көмек бөлімшесіне күн сайын орта есеппен 50-55 пациент жүгінеді, үйге де 10 шақты шақыртуға барады.

Ал қаңтар айында жұмысын бастаған №10 емхана 2,4 мың пациентке медициналық көмек көрсеткен. Бұл ретте пациенттердің 97%-дан астамы өздері жүгінген. Шұғыл көмекке жүгінгендердің төрттен бірін балалар, жартысын жарақат алғандар құрайды.

«Бұл бөлімшенің қызметкерлері білікті және тез шешім қабылдауды қажет ететін жағдайларға дайын болуы керек. Сондықтан медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру біз үшін бірінші кезектегі міндет болып саналады», – деп атап өтті №10 емхананың бас дәрігері Айгүл Қасымова.

Жедел жәрдем – аутсорсингке

Емханалардағы пилоттық жоба аясындағы жұмыстың тағы бір үлгісі – шұғыл қызмет көрсетудің 4-санатын жедел жәрдем аутсорсингіне беру арқылы сынақтан өткізілу үстінде. Біріншіден, бұл шақыртуларға барынша жедел жетуге және кешікпеуге жол ашады. Өйткені осының бәрі айыппұл арқалайтын жағдайға алып келеді. Екіншіден, шығындарды оңтайландыру және қаражаттарын реттеуге мүмкіндік береді. №10 емхана бас дәрігерінің айтуынша, бұл механизм экономикалық тұрғыдан тиімді. Автопарк пен қызметкерлер штатын ұстау шығындарын бірнеше есе азайтуға жол ашады.

«Біз әрбір тіркелген тұрғын үшін белгіленген көлемде төлем аламыз. Егер тіркелген тұрғындар біздегі сияқты аз болса, төлем сомасы да соған сәйкес беріледі. Оның үстіне жедел жәрдем бригадалары мен машиналарын ұстауға көп шығын кетеді. Аутсорсинг кезінде мұндай қажеттілік болмайды және шығын да аз болмақ. Біз жедел жәрдемге нақты қызмет көрсетілген шақыртулар үшін ғана төлейміз. Шақыртулардың кей бөлігін өзімізге аламыз, мысалы, егер біздің диспансерлік есептегі пациент шақыртса, дәрігерді үйге шақыру ретінде рәсімдейміз. Ондай шақыртуларды аутсорсингке бермейміз, өзіміз қызмет көрсетеміз», – деп толықтырды Айгүл Қасымова.

Екі емхана да тіркелген 80-90 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Ереже бойынша (пилоттан тыс), 30 мың адамнан аз тұрғыны бар медициналық ұйымдар ғана 4-санатты аутсорсингке бере алады. Алайда Медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметов атап өткендей, егер бұл қызмет үлгісі ақталса, яғни, нәтиже күткендегідей болса, ережелерді қайта қарауға, ірі медициналық ұйымдарға да өз контингентіне аутсорсинг арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беруге болады.

 Өз кезегінде №9 емханада шақыртулар саны маусымға байланысты екені анықталды. Көктем мен жаздағы қолайлы кезеңде жедел жәрдемнің өздері-ақ үлгеріп жатса, емхана айтарлықтай үнемдей алады. Ал күз бен қыста жүктеме артуы мүмкін. Сондықтан қорытынды жасауға әлі ерте.

 

Бюджеттің көп бөлігі зертханалық талдауларға кетеді

Емханалар медициналық көмекті тұтыну жолдарын талдап, бюджеттің көп бөлігі зертханалық талдау-зерттеулерге кетеді деген қорытындыға келіп отыр. Денсаулығы қалыпты пациенттер екі аптада бір зертханалық талдауларды негізсіз тапсырған жағдайлар болыпты. Сондай-ақ жоспарлы ауруханаға жатқызу бар. Ол үшін көптеген тексеруден өту керек.

«Біз пациентті тексереміз, үзінді көшірмеге барлық нәтижені жазып, порталға қоямыз. Ал егер 10 күн өткеннен кейін пациент ауруханаға жатқызылмаса, барлық талдауды қайта тапсырады. Осылайша бір-екі айға созылуы мүмкін. Бұл ретте әрбір стационар, әсіресе республикалық деңгейдегі стационарлар өз зерттеу-тексеру тізбесін береді. Тіпті кейде 2-3 парақтан тұрады. Егер мұның бәрі үнемі қайта тапсырылатын болса, біз пациентке қолайсыздық туғызамыз. Тиісінше, басқа пациентке медициналық көмекке жұмсалатын ақшаны жоғалтамыз», – деген пікір айтты Сәбит Ахметовпен болған кездесу барысында №9 емхананың ана мен баланы қорғау қызметінің басшысы Дана Әбілғазина.

Химиятерапия алатын онкологиялық науқастар үшін де солай. Әрбір жоспарлы жатқызу алдында олар әр 21 күн сайын көптеген консультациялар мен зерттеулерден өтеді.

«Икемді басқару» жолдарын қарастыру ұсынылды

Медициналық қызмет көрсету барысында кездесетін мәселелерге сүйене отырып, емханалар Медициналық сақтандыру қорының басшысына алдын ала есептеулер ұсынды. Олардың пікірінше, бұл бастапқы желі мамандары үшін қаржылық ынталандыру болады, негізсіз жолдамалар санын және жалпы консультациялық-диагностикалық қызметтердің негізсіз көрсетілуін азайтады, бастапқы буын қызметтерінің қолжетімділігін және сапасын арттырады. Ең бастысы, жалған қосып жазу мәселесі өздігінен тоқтайды.

Қаржыны өздерінде ұстау емхана ішіндегі қаржыландыруды өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді, ал қазір бұл қолжетімді емес. Салдарынан қаражатты асыра жұмсау немесе игермеу мәселесі туындайды. Икемді басқару ақшаны қажет жерге және нәтижесі бар тұсқа бағыттауға жол ашады. Бірінші орынға индикаторлар қойылады. Оларды орындау кезінде дәрігерлер ынталандыру төлемдерін алады. Бұл стационарға шұғыл жатқызу жағдайларын және шақыртулар санын азайтар еді. Аурулардың алдын алудың тиімді жолдарын табуға, онкологиялық науқастарды ерте анықтауға, жүкті әйелдерді 10 аптаға дейін қамтуға мүмкіндік берер еді.

 Сәбит Ахметов қаржыны медициналық ұйымда ұстауды қосымша қарау керектігін әрі оған жұмыс тобын құратынын жеткізді.

 

Түзету коэффициенттері қажет

 Сондай-ақ елорда емханалары Медициналық сақтандыру қорының басшысынан тіркелген тұрғындардың жыныс-жас құрамын ескеріп, материалдық-техникалық базаның (ауыр техниканы қоса алғанда) жарақтандырылуын, қамтылуы қажет алаң/аумақтарды ескере отырып, түзету коэффициенттерін қолдануды қарастыруды сұрады.

Бұдан бөлек олар Жастар денсаулығы орталықтарына және білім беру ұйымдарындағы оқушыларға медициналық көмек көрсетуге бөлек қаржы бөлуді немесе түзету коэффициентін қарастыруды орынды деп санайды. Мысалы, №9 емхана тіркелген өз тұрғындарынан бөлек, бүгінде 16 мектепке қызмет көрсетеді. Олардың көбінде оқушылар саны 2 мыңнан асады.

«1 мамырға дейін менде жүктемеде тіркелген 37 мың бала және 20,5 мың оқушы болды. Жалпы, 55 мың балаға қызмет көрсетеміз. Бұл емхананың барлық тіркелген тұрғындарының санына тең және біз үшін шығыны көп. Ал көптеген емхананың аумағында мектептер жоқ. Яғни, жағдай тең емес», – деп түсіндірді №9 емхананың ана мен баланы қорғау қызметінің басшысы Дана Әбілғазина.

 Шара соңында Сәбит Ахметов емхана өкілдеріне жүргізген жұмыстары мен ұсынған шешімдері үшін алғысын білдіріп, барлық сұрақтарды зерделеуге уәде берді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста