Соңғы күндері елорданың тротуарлары мен жолдарында ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күреу жұмысын, сондай-ақ жол және жаяу жүргіншілер бөлігінің аумағын мұздан тазартуды белсенді жүргізуде. Бұл туралы Azattyq Ruhy Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды..
Қар күреу жұмысы белсенді жүріп жатыр. Таңертеңнен бастап екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
«17 қаңтарға қараған түні елордадан 32 мың текше метр қар немесе 2 535 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға шамамен 2,2 млн текше метр қар мен мұз немесе 177 мыңнан астам рейс шығарылды.
Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. құм-тұз қоспасын себу жүргізілуде.
Тайғақ жерлерде құлап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс ережесін қатаң сақтауы керек», - делінген елорда әкімдігі таратқан хабарламада.