Еліміздің үш облысында жер сілкінді

Еліміздің үш облысында жер сілкінді

Кеше түнде Қырғызстан мен Тәжікстанда қуатты жер сілкінісі болды. Зілзаланың әсері бір мезгілде Орталық Азияның барлық түкпірінде, оның ішінде еліміздің үш облысының аумағында бірдей сезілді.
ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерт­теулер институтының Сейсмикалық ақпараттарды жи­нау және өңдеу орталығының хабарлауынша, шілденің 20-сы күні сағат 01.35-те Қырғыз Республикасының Бат­кен облысы аумағында жер сілкінді. Магнитудасы 6,2 болатын зілзаланың эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай – 534 шақырымда, ал Өзбекстанның Фер­ғана қаласынан 34 шақырымда байқалды. Қыр­ғыз­стан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлі­ме­тін­ше, зілзаланың күші 12 балдық шкала бойынша 7-8 балға тең. Жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оң­түс­тігіне түгел әсер еткен. Алматы қаласында қуаты MSK-64 шкаласы бойынша – 2 балл, Шымкентте – 3-4 балл, Та­разда 3 балл болатын жерасты дүмпулері бай­қалды. Сейс­микалық ақпараттарды жинау және өңдеу орта­лы­ғының мамандары зілзаланың адамдар мен ғи­ма­рат­тарға әсер етпегенін хабарлады. Қыр­ғыз­стандағы жер сілкінісімен бір мезгілде Тәжікстанда да жерасты дүм­пулері байқалған. Душанбедегі сейс­ми­калық стан­сы мамандарының ақпарат агенттіктеріне хабарлаған мәліметіне қарағанда, жер сілкінісінің қуа­ты MSK-64 шкаласы бойынша 6 балға жеткен. Зілзала әсері Ду­шан­бе мен Худжанд қалаларында қатты бай­қал­ған. Айта кетейік, Алматы облы­сын­да қуатты жер сіл­кі­нісі 2009 жылы болған еді. Ал былтыр Тәжікстанда 5,5 балдық зілзаладан жүздеген тұрғын үй қирап қал­ды. 2008 жылы Қыр­ғызстанда 74 адам жер сілкінісі ке­зінде қаза тапты. Па­мир мен Тянь-Шань тауларында орташа қуатты сейс­микалық құбылыстар ай сайын, тіпті апта сайын болып тұрады. Олардың әсері Орталық Азияның бар­лық елдеріне қауіп төндіреді.

Бет қатталып жатқанда
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі  жер сілкінісі салдарынан елдің Риштан, Бағдад және Өзбекстан аудандарында тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар қирап, 13 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Қирандылардың әсерінен 80-нен астам адам жарақат алған. Жер сілкінісі елдің бірнеше қаласын шайқаған.
Ал Қырғызстанда Баткен облысындағы Ош – Баткен – Исфахан тас жолы мен Қадамжай ауданындағы бірқатар әлеуметтік мекемелер ғимараттары және электр тарату нысандары зақымданды. Қаза болғандар туралы мәлімет жоқ.
Тәжікстанда да жер сілкінісінің салдарынан ғимараттардың қирап қалғаны белгілі болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста