Еліміздің болашағын бейнелеп, ақшалай жүлдеге ие бол - "Арманымдағы Қазақстан" байқауы

Еліміздің болашағын бейнелеп, ақшалай жүлдеге ие бол - "Арманымдағы Қазақстан" байқауы

 Сіздің арманыңыздағы Қазақстан қандай? Қазақстанды 20, 50, 100 жылдан соң қалай елестетесіз? Бұл сұрақтарға сурет арқылы жауап беруді ұсынамыз. Alash Media Group холдингі тұңғыш мәдени футуристік "Арманымдағы Қазақстан" жобасының басталғанын жариялайды.

"Арманымдағы Қазақстан" - еліміздің түкпір-түкпіріндегі дарынды суретшілерге арналған жоба. Мақсаты - қоғамның сан қырлы екенін және тек алға ұмтылатынын көрсету. Байқауға Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. 2019 жылдың 18 маусымынан 30 шілдесіне дейін artdream.kz сайтында өтініш қалдырып, суретіңізді жолдай аласыз. Ұйымдастырушылар үздік жұмыстарды іріктейді. Сондай-ақ, сайтта жұмысы жарияланған қатысушылардың барлығына кепілдендірілген 20 мың теңге берілетіні айтылады. Байқаудың ережелерімен толығырақ мына жерде танысуға болады.

Айта кетейік, суреттер екі санат бойынша қабылданады - сандық және бейнелеу өнері. Әр санатта үш жүлделі орын бар: 1-орынға - 300 мың теңге, 2-орынға - 200 мың теңге, 3-орынға - 100 мың теңге. Бұдан бөлек, "Интернет таңдауы" санаты бойынша жүлде беріледі, яғни онлайн дауыс беруге болады. Онлайн дауыс беру 1-14 тамыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры - 1,2 миллион теңге. Жобаның серіктесі - ERG компаниясы. Байқау қорытындысы бойынша үздік суреттер ERG компаниясы жұмыс істейтін кәсіпорындарда өтетін көрмелерге қойылады. Құрметті қазақстандықтар, сіздер шөберелеріңіз, шөпшектеріңіз және олардың шөберелері бақытты өмір сүретін елді бейнелей аласыздар. Бірге қиялдайық!

 

Massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста