Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

Синоптиктер 2023 жылғы 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сәйкес, республикамыздың басым бөлігі оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлікдердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

 

"Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста кей уақыттарда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, желдің күшеюі болжанады. Тек, еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарына әлі де антициклон жотасы өз әсерін тигізіп жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады" деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.

 

Республика бойынша тұман түседі.

 

Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз Маңғыстау облысының батысында, түнде Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды.

 

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -18-20°С, күндіз -8-10°С болады.

 

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, тұман болжанады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +4+6°С болады.

 

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +9+11°С болады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста