Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарайды Қазгидромет.
Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с-ға жетеді, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең — тұман.
Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.
Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзағай күтіледі.
Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс-Қазақстан областырында тұман күтіледі.