Еліміздегі көгілдір отын мәселесі қашан тиімді шешімін табады?

Еліміздегі көгілдір отын мәселесі қашан тиімді шешімін табады?

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында тауарлық газ ресурстарын 30 млрд текше метрге дейін ұлғайту үшін жаңа газ өңдеу қуаттарын салу және елді газдандырудың кемінде 60 пайыздық деңгейін қамтамасыз ету туралы көрсетілген. Мемлекет басшысы бұл міндетті Үкіметке жүктеді. Тапсырманы орындау мерзімі 2023-2029 жылдар аралығы қамтиды.

 
Энергетика министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2022 жылдың қорытындысы бойынша елді газдандырудың жалпы деңгейі халықтың жалпы санының 59%-ын құрады немесе 11,6 млн адам газға қол жеткізді. Ал 2029 жылы 12 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.

«2022 жылы газ саласы үшін оңай болған жоқ. Алайда QazaqGaz Ұлттық компаниясы дағдарыстың алдын алды. Еліміздің барлық тұтынушыларын үздіксіз газбен қамтамасыз етті. Компания ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Біріншіден Қашағандағы Газ өңлеу зауытын қарқынды салуда. Сондай-ақ, компания өзінің бюджетінен 800 млрд теңгеге жуық инвестиция құйып, газ тасымалдау құбырларын модернизация жасап жатыр. Атап айтқанда, біріншіден Бейнеу-Жаңаөзен, Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау, Мақат-Солтүстік Кавказ және т.б. Мемлекет басшысы газ реформасын жалғастыруды тапсырды»,- деп мәлімдеді  «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Мемлекет басшысының қабылдауынан кейінгі сөзінде.

Нақтырақ айтқанда, Ұлттық компания магистральдық газ құбырларының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағыты бойынша бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда:

өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текшеметрді құрайтын «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральдық газ құбырының 2-ші тізбегін салу;
өткізу қабілеті жылына 13,1 млрд текшеметрді құрайтын «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырының лупингін салу;
құны 96 млрд теңгеге Алматы қаласында 2,3-ші жылу электр орталықтарын газдандыру бойынша инфрақұрылымдық жобалар салу көзделген.
Жалпы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Президенттің қабылдауында болған кездесуде Қазақстанда 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында бұрын-соңды болмаған көп мөлшерде газ пайдаланылғанын айтты.

Мемлекет басшысының елдің солтүстік-шығыс өңірлерін газдандыру мүмкіндіктерін қарау жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы Үкімет отырысында да талқыланды.  Өз кезегінде Энергетика министрлігі өз ұсыныстарын айтты.

Атап айтқанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-3-ші кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыру ұсынылады.

Ал Шығыс өңірлерді газдандыру үшін Министрлік екі түрлі нұсқаны қарастыруда.

«Бірінші нұсқа, «Қостанай-Астана-Павлодар-Семей-Өскемен» бағыты бойынша газ құбырын салу, бұл қомақты қаражат салуды (2022 жылғы бағамен шамамен 778 млрд. теңге), салынған инвестициялардың өтемділігін қамтамасыз ету үшін тұтынушыларға газ тарифтерін ұлғайтуды, сондай-ақ газ кен орындарының жаңа ресурстарын игеруге тартуды талап етеді (орта есеппен 7-10 жыл қажет). Екінші нұсқа, Қазақстан мен Ресей арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жол картасы шеңберінде Ресей Федерациясынан газ импорты. Бүгінгі таңда Қазақгаз Газпроммен бірлесіп «Ресей Федерациясы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы» халықаралық газ құбырын салу мәселелерін зерделеу үшін алдын ала ТЭН әзірлеу мәселесін пысықтауда», - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов әзірге елімізде солтүстік және шығыс аймақты газбен қамтитын газ өңдеу зауыты жоқ болғандықтан, көгілдір отынды Ресейден алған тиімді екенін алға тартты.

«Ашығын айту керек, соңғы жылдардағы геосаяси ахуалдарға байланысты Ресей еуропалық тұтынушыларынан айырылып қалғандықтан өз газын қайда жіберерін білмей отыр. Ұңғыманы жабу өте қиын шаруа, ал оны жапқан күннің өзінде қайта іске қосу тіптен қиын. Оның үстіне, Еуропаға газ сатамыз деп Ресей пәленбай газ өңдеу зауытын салып тастаған. Ол жерде өте көп миллиардтаған қаражаттар бар. Қазақстанда бізде газдалмаған қаншама аймақ бар. Солтүстікті былай қойғанда, орталық және шығыс өңірлерде газ әлі күнге дейін жоқ. Ресей қажет болса өзі үшін құбырын жылдам салып береді. Біз тек ауылдарға келіп тұрған газды әрбір үйге тартып беруіміз керек. Осылайша біз «шикізатты қайдан аламыз? Оны қайдан өңдейміз?» деген сұрақтарға тап болмаймыз», - дейді Рашид Жақсылықов.
Сондай-ақ, Рашид Жақсылықов егер екі ел арасында келісімшарт жасалатын болса, онда бұл жоба саясаттан тыс болу керектігін айтты.

«Біріншіден, мұндай келісім тек экономикалық жоба ретінде қарастырылуы керек. Сондай-ақ, оның атауы қазақи болса тіптен керемет. Екінші мәселе бұл жобаның операторы қазақстандық компания болуы тиіс. Себебі біз тұтынушымыз, біз сол үшін ақша төлейміз. Үшіншіден Ресей рубльмен төлем жасауды міндеттемеуі керек. Егер осындай талаптар аясында келісімшарт жасалса, онда неге бірлесіп жұмыс істемеске? Бұл экономикалық жоба болғандықтан, одан саяси сұрақтардың бәрін кесіп тастау керек. Бұл мүлде саясатқа қатысы жоқ болуы шарт», - дейді сарапшы.
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың сөзіне сенсек, Бас схеманы қаржыландыру бюджет қаражаты, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор – «QazaqGaz» ҰК» АҚ кірістері және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Биыл 76 жобаны іске асыруға 73,9 млрд теңге қарастырылған, бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2023 жылдың соңында ел бойынша газбен жабдықтау 60% деңгейінде күтілуде. Газ саласындағы бюрократиядан арылу жөніндегі шараларды іске асыру аясында 2022 жылы Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, ҚазТрансГаз Аймақпен бірлесіп газ желілеріне қосылу кезіндегі кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізді.

«Халық үшін қажетті құжаттар саны азайтылды. Яғни газбен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар алған кезде құжаттар санын 7-ден 4-ке дейін; құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін 14-тен 9-ға дейін қысқартылды. Бұдан басқа, газға қосылу процесін автоматтандыру мақсатында ҚазТрансГаз Аймақ электронды сауда алаңын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, онда тұтынушылар көрсетілетін қызметтердің құнын, олардың рейтингтерін негізге ала отырып, монтаждау ұйымдарын, жабдықтарды жеткізушілерді таңдай алады.Қабылданған шаралар газ желілеріне қосылу қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», - деп сендірді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Айжан Жанатқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста