Елімізде жарты миллионнан астам еркек белсіз екен

Жуырда Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони қазақстандық еркектердің қуатына іштей қызығатынын айтып еді. Алайда бәрі ол ойлағандай емес екен. Шын мәнінде, сынақта болған қазақстандық ер-азаматтардың шамамен 30 пайызы белсіз. Мұның себебі – бөріктілер бойындағы дерттің жария болғанынан қысылып, дәрігерге көрінуден бас тартады. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының мамандары кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ерлерге қатысты түйткілдерді ортаға салды.

Қарашаның11-13-і аралығында бұл орталықалматылық ер-азаматтарға арналған тегін тексеру, кеңес беру шарасын өткізді. Баспасөз жиынына қатысқан орталық директоры Мырзакерім Алшынбаевтың айтуынша, шара барысында 700-ден астам азаматтың денсаулығы тексерілген. Нәтижесінде, олардың 67 пайызының әртүрлі урологиялық ауруға шалдыққандығы анықталды.

Статистикалық деректерге сүйенсек, қазір әлемде 150 миллионнан астам еркек кіндікті белсіздік ауруына шалдыққан, ал Қазақстанда олардың саны жарты миллионнан асады. «Бұл тек санақта барлары ғана, ал есепке алынбағандары әлі қаншама? Біздің еркектер өз денсаулығын уақытында тексертпейді, соңынан бұл дерттен зардап шегеді. Себебі олар денсаулығын дұрыс деп есептейді», – дейді М.Алшынбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде бұл саладағы басты мәселе – ер-азаматтардың менталитетін өзгерту болып отыр. Яғни оларды уақтылы тексеруден өтіп тұруға үйрету қажет. Сондай-ақ бұл жерде дәрігерлердің де ер адамдарға деген көзқарасын өзгерткен жөн. Дәрігер-мамандар белсіздік ауруымен ауыратындарға дер кезінде кеңес беріп отырса дұрыс болады. Ал кейбір дәрігерлер бұл мәселеге жүрдім-бардым қарайды. Сол себептен де Қазақстанда еркектердің 10 пайызы ғана белсіздік ауруынан дәрігерлер көмегіне жүгінеді екен.

Жиынға қатысқандардың сөзіне қарағанда, қазір елімізде бұл салада маман дайындауға толық мүмкіндік бар. Осы бағыттағы жұмыстарды да уақыт оздырмай қолға алу қажет.«Шара барысында бізге келген ер-азаматтардың көбі мұндай орталықтың бар екенін бұрын білмегендерін айтты. Екіншіден, олар таңданыстарын жасыра алмады. Үшіншіден, үлкен рақметтерін жеткізді. Осы үш жағдайды ерекше атап өткім келеді», – дейді орталықтың директоры. Оның пікірінше, бірінші рет қолға алынған мұндай шара алдағы уақытта да ұйымдастырылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста