Елімізде бірнеше оқу орны мен көшеге жаңа атау беріледі

Қазақстанда 18 оқу орнына және Көкшетау, Қосшы, Степногорск (Ақмола облысы) Арыс (Түркістан облысы), Талдықорған (Жетісу облысы) қалаларындағы 69 көшеге жаңа атау берілді, деп хабарлайды Massaget.kz.

ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың төрағалығымен республикалық ономастика комиссиясының отырысы өткен.

Нәтижесінде мына нысандарға жаңа атау беріледі:

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру туралы шешім қабылданды.
Ақтау қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектепке ұлы ағартушы, ғалым, ақын және публицист Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.
Ұлт ұстазының есімімен Қостанай ауданының білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Заречная жалпы білім беретін мектебі, сондай-ақ, Жетісу облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласының №1 орта мектебі аталады.
Жетісу облысы Алакөл ауданы Бескөл станциясының № 14 орта мектебі әлемге әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің құрметіне өзгертіледі.
Түркістан облысының Арыс қаласында Роза Бағланованың, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның және әртүрлі географиялық орындардың, оның ішінде Шарын, Сарыарқа, Ұлытау, Жидебай, Сарайшық және т.б. атындағы көшелер пайда болады.
Сондай-ақ, "Гүлдер", "Асу", "Тіршілік" және "Айналайын" сынды атаулардың бір бөлігі қайта қаралады.

"Жақында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың II отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өмірбаяны біреудің жеке мүддесі мен қалауы үшін мақсатты түрде мифологияланған кеңестік кезеңдегі қайраткерлердің есімдерін әртүрлі нысандарға беру тәжірибесін тоқтату керек екенін айтты. Президент ономастика саласында тәртіп орнатуды және өңірлік ерекшеліктерді де, жалпыұлттық басымдықтарды да ескере отырып, барлық рәсімді регламенттеуді тапсырған болатын. Дәл осы мақсатта Мәдениет және спорт министрлігі көрнекті қайраткерлер мен тарихи тұлғалардың "Тарихи тұлғалар" тізімін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, соның негізінде нысандар мен көшелерге жаңа атаулар беріледі", - деді министр Асхат Оралов.

Қазір ономастика комиссиясына 681 ұсыныс түсті. Оларды жергілікті ономастикалық комиссиялардың қарауына, әкімдіктерге жіберу туралы шешім қабылданды. 

Massaget.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста