Дәрігерлердің айтуынша, 1 444 адамның жағдайы ауыр.
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен COVID белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, бір тәулікте коронавирустан 70 пациент, ал пневмониядан 20 науқас көз жұмды.
26 шілдедегі мәлімет бойынша, 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (–81 077 + және 2007 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, 1 444 адамның жағдайы ауыр, 304 науқас хәл үстінде жатыр. 183 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.