Елімізде ауаның ластануы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалары көш бастап тұр

Атмосфералық ауаның экологиялық мониторингінің нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен 10 мегаполисте атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейде анықталған. Көш басында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары тұр. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.  

 
«Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне (ЖЭО, қазандықтар), автокөлікке және жеке секторға тиесілі. Өскемен және Теміртау қалаларында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіп жұмыстарымен байланысты. Ақтөбе және Атырау қалаларында ескірген кәріздерді тазарту жұмыстары ауаның ластануына себеп болып отыр», - деді вице-министр.
Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, министрлік экологияның өзекті мәселелерді шешу жолында жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен талқылау жүргізген. Нәтижесінде 16 жол картасы қабылданып, барлығы 485 іс-шара қарастырылған. 

«2020 жыл мен 2022 жылдың 1 тоқсанына дейінгі аралықта жоспарланған іс-шаралардың 50%-дан астамы орындалды. Қазіргі уақытта негізгі өнеркәсіптік өңірлердің Жол карталарын өзектендіру бойынша жұмыс басталды. Жол картасын іске асыру аясында 2025 жылға қарай 10 қалада атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендейді деген үміттеміз. Бұдан басқа, 7 кәріздік-тазарту құрылысы мен 24 жаңа полигон салу, 12 КТҚ қайта жаңарту, сондай-ақ тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру және жою көзделген», - деді өз баяндамасында Зүлфия Сүлейменова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста