Элеваторларды елеп жатқан жан бар ма?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Еліміз кезінде 16 миллион тонна астық өндіргенін ұмыт қалдырғандай едік. Енді керегі жоқтай астық қабылдау пункттерін де, алып элеваторларды да, ірі қамбаларды да талапайға түсірдік. Сөйтіп, сан жылдар бойы халыққа қызмет етіп келген орындар тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетті. Қамба атаулының қазасын шығарып қойған шақта астық деген, шүкіршілік, екшеулі элеваторларға сыймауға айналды.
Шүкіршілік деуге тұрарлық жағдай. Де­генмен қам­баға сыймаған астық қар­дың астында жатып ші­руге айналды. Сол кез­де ғана бізге көп қамба ке­рек­тігі еске түс­кендей болды. Осы іске жауапты Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі басына таяқ тиген соң ғана қамбалардың қанша екенін елеп-екшеуге кі­рісті. Онда да былтырдан бастап. Сөйтіп, елдегі қал­ған-құтқан эле­ватор, қамбаларды шотқа салып кеп жібергенде, төрге сүйрейтін емес, көрге сүй­рей­­тін жыларман жағдайда екені бел­гілі болды. Есеп­тен ұққанымыз – елімізде өкіметтің қара­ма­ғында қал­ғаны бес-ақ элеватор екен. Ал бүкіл рес­пу­­бли­каға шаққанда 217 астық қабылдайтын ны­сан бар. Оның өзіне бар болғаны 13-ақ миллион тонна ас­тық сыяды екен. Ірі са­наққа іліккен әлгі 200-ден ас­там қам­ба­­ның барлығы да жекенің жетегінде кет­кен.
Былтыр астық бітік шығып, қыр­ма­ны­мыз қарық болып қалды. Ел бойынша 30 мил­­­лион тоннадан ас­там астық қам­ба­ға құйылды. Астықтың мол болғаны бі­­реулерге сор болды да. Қайда сыйғызарын біл­мей диқан дал болды, министрліктердің миы қатты. Мәселенің мәнісіне тереңірек үңілсек, расында, елімізде әлгі 30 миллион тонна астықты сыйдыратын қойма жоқ екен. Бейресми ақпарат дерегіне сүйенсек, елімізде небәрі 20 миллион тоннадан асар-аспас бидайды ғана сақтайтын орын бар екен. Ал қалғаны, расында, қар астында қалмағанда қай­теді?
Ауыл шаруашылығы министр­лі­гінің есебінше ішкі сұранысты қа­нағаттандыруға  7 миллион тон­на астық жететін көрінеді. Соңғы жыл­дары ауыл шаруашылығына деп бөлінген 670 миллиард теңгенің тек са­нау­лы ғана дөңгелек сандарын қырман үшін құрбандыққа шалғанда жетіп-ақ ар­ты­лады екен. Расында, осындай кө­лем­ді қа­ражатқа 30 түгіл, 50 миллион тон­на астықты сақтайтын нысандар салып тас­тауға әбден-ақ болар еді. Жауапты са­ла­дағылар тек астық өндіруге ғана бас қа­тырып, оны сақтау, өткізу мәселелерін ұмыт қалдырғандай әсер қалдырады. Ас­тықты қабылдайтын, оны кептіретін, құ­рамын зерттейтін орындар да тапшы. Бұ­­рыннан бар нысандар кеңестік кезең­нен қалған. Құрал-жабдықтары жа­ңар­тыл­маған. Әрі бүгінде бидайдың талапқа сай сақталғанына да көп мән беріледі. Жа­ңа талаптарға сай енді экспортталатын ас­тықтың құжатында қайда сақталғаны ту­ралы бар мәлімет көрсетіледі. Егерде са­ры бидайдың сапасына сына қағылса,  қам­ба басшысы жауапқа тартылатын бо­лады. Сондықтан да жаңа заманға ла­йық­тап, барлық талаптарға жауап бе­ре­тін заманауи құрал-жабдықтармен жаб­дықталған элеваторлар салу күн тәр­­тібіне шығатын кез келді. Жауапты са­ла­ның жауапты мамандары әлі де есі­неп жүре берер ме еді, «Бидай пісіп жет­кен соң, диірмені құрғыр жеп тынар» де­гендей, астықтың түсімі жылдан-жыл­ға артып, ұйқыларынан шошытып оят­қан­дай бір кеп. Былтырғы жылы Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі жүргізген тек­серуде белгілі болғанындай, 217 астық қабылдау пунктінің 35-і тексерілген, оның 16-сы астық қабылдауға дайын еместігі бел­гілі болған. Көптеген элеваторлар ке­ңес кезеңінен бері жаңартылмаған. Тех­нологиялық зертханаларда қажетті құ­рал­дардың жетіспейтіндігі анықталған. Сақ­тау орындарына тазалық тән емес. Жа­уапты мамандар дән кептіретін орындарда қа­уіпті кесел тарататын атжалмандарға қар­сы «майдан» ашуды ұсынды. Ақ­мо­ла, Қостанай, Солтүстік Қазақстан об­лыс­та­рындағы астық қоймаларын кеңейту ұсы­нылды.

  Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
2010 жылы «Қазагро» ұлттық холдингі бидай сақтайтын орындардың құрылысын жүргізуді бастаған болатын. Бүгінге дейін 120 мың тонна астық сыятын тоғыз элеватор салынды. Биылғы жыл аяғына дейін тағы да 52 мың тонна астық қабылдайтын үш қойма салынбақ. Әрине, жеткіліксіз. Бірақ сең қозғалып, тоң жібігеніне шүкіршілік ете тұруға тура келеді. Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Сәкен Сайлауұлы: «Өткен жылы облыс бойынша 200 мың тонна астық жи­нал­ды. Облыс бойынша 11 элеватор бар. Әр шаруа қожалықтарының өздерінің ас­тық сақтайтын қоймалары бар», – дейді. Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл ша­руа­шылығы басқармасының қайта өңдеу және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің бастығы Шерман Төленов: «Облыс бо­йынша 400 мың тонна сыйымдылығы бар 54 астық қабылдау қоймасы мен 83 элеватор бар. Ұн етіп тартып болған соң, солтүстіктен келген бидайларды қа­был­даймыз. Солтүстіктегідей сыймай қалатындай емес», – дейді. Оңтүстіктегі жағдай оңды болғанымен, солтүстіктегі жағдай оңбай тұр. Демек, ағыл-тегіл астық беретін солтүстіктегі қырман біткеннің құрылысын қарқынды жүргізу қажеттілігі туындап отыр...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста