Елде егісті суару жүйесіндегі каналдардың жартысынан астамы ескірген
Елде егісті суару жүйесіндегі каналдардың жартысынан астамы ескірген. Cалдарынан тіршілік нәрі тиімді пайдаланылмай ысырап болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олқылықты жою үшін жауапты Экология, геология жән табиғи ресурстар министрлігі бірқатар жобаны қолға алған. Мәселен, 2019-2020 жылдар аралығында 1734 шақырым су арнасы жөнделді. Нәтижесінде 111 мың гектар суармалы жер айналымға қосылған. Енді 2025 жылға дейін республиканың 8 облысында 120 канал қайта жаңғыртудан өтеді. Осы мақсатқа 221 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Жоспар жүзеге асса, жыл сайын 8 миллион текше метр су үнемделеді. Егіс алқабы 2,2 миллион гектарға ұлғаяды.
«Біз 25 жылға дейін 9 су қоймасын саламыз. 2030 жылға дейін 39 су қоймасын салу жоспарланған», - деді ҚР ЭГТРМ СУ ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов.