10 миллионнан астам дәрі мен медициналық бұйымдар қаптамасы заңсыз айналымнан алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Ал түрлі препараттарды заңсыз сатуға тырысқандарға 66,5 миллион теңге айыппұл салынды. Жалпы жыл сайын дәрі-дәрмектердің жағымсыз реакциялары мен медициналық өнімдердерге қатысты 3 мыңға жуық хабарлама түседі екен. Бүгінде республикада 7,5 мыңға жуық дәрілік препарат пен 11 мыңнан астам медициналық бұйым тіркелген.
«Дәрі-дәрмектің 117 атауын және медициналық атауы теріс қорытынды берілді. Яғни олардың нарыққа жіберілуіне рұқсат берілмеді. Мысалы құрамында этиленгликолдің үлкен дозасы және теріс салдарға әкеп соқтырған салдары көрші Өзбекстан мемлекетінде болған жағдай дәрі-дәрмектің қатаң бақылауда ұстау керектігін дәлелдеді. Қазақстанда бұл препарат тіркелмеген», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.
Ал тегін берілетін дәріге қатысты ведомство, бірыңғай дистрибьютор биыл өңірлерге 57 млрд теңгеге 1600-ге жуық дәрілік зат пен медициналық бұйымды жөнелткенін хабарлады. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пен медициналық сақтандыру аясында берілетін дәрілер.