Елбасының өмір жолы туралы кітап жарық көрді

Елбасының өмір жолы туралы кітап жарық көрді

Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы жөніндегі жаңа кітаптың тұсауы кесілді. 

РФ СІМ меймандарды қабылдау сарайында жаңа туындыны Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өзі таныстырды. Салтанатты тұсаукесер рәсіміне Ресей мен Қазақстанның белгілі саясаткерлері, ғалымдары, жазушылары, дипломаттар мен мәдениет қайраткерлері қатысты. 

«Жібектей есілген жол емес». Жаңа кітаптың авторы Ресейдің белгілі жазушысы Сергей Плеханов өз туындысын осылай деп атаған. «Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазылған кітап көп. Бірақ бұл еңбектің орны бөлек», - деді туындыны таныстырған РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Кітапта Нұрсұлтан Назарбаевтың қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшысына дейінгі жүріп өткен жолы баяндалады. 

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі: - Ең алдымен елдің, халықтың тағдырын арқалаған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда бейбітшілік пен ұлтаралық ауызбірлікті қамтамасыз еткен нәтижелі экономиканы қалыптастырды. Сын сағатта қазақ елін ортақ мақсатқа жетелеп, алмағайып кезеңнің қиындықтарын елімен еңсерген Елбасы Қазақстанды көркейтіп гүлдендіруге барын салуда. Озық реформаларды жүргізе отырып, көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатты. Қазақ елін барша әлемге танытты. Нұрсұлтан Назарбаев – көреген басшы, кемеңгер тұлға. 

Автор кітапты 15 жыл бойы жазған. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, еліміздің бастан өткерген қиындықтарын, көркейіп гүлденгенін көріп, қағаз бетіне түртіп жүрген. Елбасының туып-есейген жерінде болып, құрдастарымен, үзеңгілес достарымен және Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. 

Виктор Садовничий, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры: - Біз Сергей Плехановтың керемет туындысымен танысып, оны талқылап жатырмыз. Аталған кітапта қазіргі заманның, тіпті болашақтың ең мықты саясаткері, көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев туралы баяндалады. Нұрсұлтан Назарбаев – еуразиялық кеңістікте мемлекеттерді біріктірген тарихи тұлға. Оның бастамалары Қазақстанға ғана емес, барша әлемге пайдасын тигізуде.

Армен Джигарханян, ҚСРО халық әртісі: - Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде, тіпті қарапайым халық арасындағы беделі өте зор. Оны күллі әлем біледі. Ол - халықтың нағыз басшысы. Мен Нұрсұлтан Назарбаевты сыйлаймын, жақсы көремін. 

Кітапта сондай-ақ егеменді еліміздің қалыптасып дамуымен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл бастамалары жайында ерекше баяндалады. 

Максим Шевченко, журналист: - Қазақ мемлекеті индустриалды экономиканы дамыту арқылы жаңа кезеңге қадам басты. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған ұлттық жоспарды жүзеге асырудың 100 нақты қадамы мемлекетті күшейтіп, одан ары нығайтпақ. Осындай батыл бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы өзге басшылардан көрегендігімен ерекшеленеді. 

Жаңа кітап саясаткерлерден бастап студент жастарға, жалпы қалың оқырманға қызықты болмақ. 

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста