Ел болып еккен көшеттер көктей солып жатыр

Ел болып еккен көшеттер көктей солып жатыр

Былтыр қоңыр күзде облыс басшысы Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қала сыртынан 1000 гектар аймаққа 400 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылған болатын. «Жасыл желек аймағы» деген атауға ие болған осы игі істі сол кезде бұқаралық ақпарат құралдары «оңтүстік орманды өлкеге айналады» деп жарыса жазған болатын. Әрине, Елбасымыздың өзі жариялаған «Жасыл ел» бағдарламасының аясында қолға алынған бұл тірлік қуаттауға, қолдауға тұрарлық. Егер қаланың қалдық сулары төгілетін аумақтан орын тепкен «Жасыл желек» күннен-күнге қос өкпесі қысылып бара жатқан қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, қаланың көркіне көрік қосып жатса, неге қолдамасқа?!

Мұны бір реттік науқан немесе алаулатып-жалаулатып басталып, артынан сұйылып сала беретін шара деуге болмайды. Ауқымы кең, болашағы бар жоба. Келешекте бұл аймақтағы көшеттердің көлемін 10 мың гектарға дейін ұлғайту көзделгені көпшіліктің көңілінен шыққаны да рас. Бірақ... Асқар Исабекұлының тәп-тәуір бастамасымен егілген көшеттер көктемде-ақ көктей сола бастағанын біраз уақыт бұрын мәселе етіп көтерген бірқатар қалалық мәслихат депутаттары «Жасыл желек» аймағында тиісті деңгейде бақылау болмағандықтан, жас көшеттердің барлығына дерлік қурап қалу қаупі төніп тұрғанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Депутаттардың айтуынша, қондырылған 400 мың көшеттің 57 мыңы көктей солыпты. «Оларды күтіп-баптау, суару жұмыстарын мойнына алған бас мердігер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС «суға кеткен тал қармайдының» кебін киіп тұр. Күн сайын мекеменің екі жүзге жуық (бұл мекеме қызметкерлерінің 60-70 пайызын құрайды) көше сыпырушылары қолдарына шелек алып, әр көшеттің түбіне су құюмен әуре.

Тірлікті бұлай жалғастыра беру мүмкін емес. Сонда көшеттер егілген аймаққа суландыру жүйесін жүргізу үшін бюджеттен бөлінген 70 миллион теңгенің қайда кеткені?» деген сауалды халық қалаулылары төтесінен қойған болатын. Халық қалаулыларынан құрылған тексеру тобының құрамында болған су жүйесі саласының білікті маманы Нұриддин Жарболовтың сөзіне сүйенсек, әуел баста-ақ «Жасыл желектегі» көшеттерді суаратын жүйенің жобасында көптеген шикіліктер болған. Тіпті кәнігі су мамандарының өздері де жобалаушылардың көшеттерді қандай тәсілмен суармақ болғанын түсіне алмапты. Не жүйектеп суаруға, не тамшылатып суаруға келмейді. Әйтеуір, омбай-домбай тірлік. Оның үстіне «Жасыл желек» аймағы 50 метр биіктікте жатыр. Бұл жерге су шығару да оңай емес. Осы жағы жобада ескерілмеген.
Суды қуалайтын дизельді насостар да талапқа сай келмейді екен. Дизель отыны электр энергиясына қарағанда шығынды төрт есе көп қажет етеді. Бұдан да сорақысы – шикі-шала жоба ешкімнің сүзгісінен өтпей, өндіріске жолдама алған екен. Оны жүзеге асыру LD-Group компаниясының еншісіне бұйырғаны «бармақ басты, көз қысты» әрекеттен туындады ма, ол жағы белгісіз. Белгілісі – компанияның жүргізген полиэтилен су құбырлары мемлекеттік стандарттарға сәйкес болмай шықты. Сынақтан өткізілмеген. Оның үстіне компания бастаған істі орта жолдан тастап кетіпті. Осыған қарамастан, оған 17 миллион теңге қаржы төленген. Ал жұмысты «Зейнет-құрылыс» компаниясы аяқтайды. Аяқталған жұмыстар қабылдаудан өткен. Төселген құбырлардың арасында қысымға шыдас бермей, жарылғандары да жоқ емес. Бұл жұмыстардың барлығына тапсырыс беруші – Шымкент қалалық әкімдігінің коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

img_47861

Гүлнара САПАРЫМБЕТ, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС директорының орынбасары:
– Қазір барлығы ретке келтіріліп жатыр. Мәліметтің қайдан алынғанын білмеймін, бірақ қураған көшеттердің саны, депутаттар айтқандай, 57 мың емес, 37 мың. Біздің аймақта көшеттің өну деңгейі 70 пайыз болып есептелген. Біз көшеттің 80 пайызын сақтап отырмыз. Алдағы уақытта да қолдан келгенше көшеттерді аман алып қалуға әрекет жасаймыз. Екі алқап пен биік жердегі көшеттер қолмен суарылса, өзгелері суғару жүйелері арқылы су ішіп жатыр. Шынында, басында су жүйесі дұрыс жобаланбаған. 1000 гектар аумақтың көшетін бір насоспен суару мүмкін емес. Сол себепті екінші насос қойылып, тағы бір жүйе жүргізілуде. Соны аяқтасақ, барлығы да ойдағыдай болады. Су жүйесіне қатысты кемшіліктердің барлығы «Зейнет-құрылыс» компаниясының есебінен толықтырылды. «Жасыл желекті» сақтап қалу үшін әкімнің, халықтың алдында жауаптымыз. Бәрі дұрыс болады, қам жемеңіздер.

Нұрғазы БҰХАРБАЕВ, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:
– «Жасыл желек» аймағында көшеттердің жалпықалалық сенбілік кезінде егілгені белгілі. Бірақ соған қарамастан, ағаш отырғызу жұмыстарына бөлінген қаржы «ЛТД Тұрмыс» мекемесі мен мердігер компанияларға төленген. Бұл қалай?

Мердігер компаниялардың су жүйелерін орнату жұмыстарына қалай тартылғаны түсініксіз. Олардың бұл жұмыстарды атқаруға ешқандай лицензиясы жоқ. Құбыр жүргізу жұмыстарын қолында патенті ғана бар тракторшылар да атқара берген. Осының бәріне неге бақылау болмаған? Көшеттердің де қолмен суғарылуы кімнің есебінен жүргізіліп жатқаны белгісіз. Сонда қалай, мекеменің қызметкерлері көшет суарады, ал жалақыны көше сыпырғаны үшін ала ма?

О бастағы су жүйелерінің жобасын кім әзірлеген? Жобадағы қателіктер кезінде неге анықталмаған? Қурап кеткен 57 мың көшеттің құнын енді кім төлейді? Әр көшеттің бағасы – 187 теңге. Барлық шығынды есептесеңіз, 10 миллион теңгені құрайды. Бұл жұмыстарға бюджеттен қосымша 42 миллион теңгенің не үшін бөлінгені де жұмбақ?

Депутаттың осындай жұмбаққа толы сауалдарына байланысты қазір тиісті құзырлы органдар тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде. «Біз көрсеткен кемшіліктер дәлелденіп жатыр, өйткені ол келеңсіздіктерді білмей айта салған жоқпыз. Барлығына көз жеткізіп барып күн тәртібіне шығардық. Ешқандай өтірік жоқ, дәлелденген дүние. Өтірік болса, сотқа шағымданбас па еді?», – дейді халық қалаулысы Нұрғазы Бұхарбаев.

 Облыс әкімі сенбілікке жиналған халық алдында жасыл желектің ауқымын 10 мың гектарға дейін жеткізетіндіктері жөнінде айтқан еді. Сол уәде үдесінен шығудың әрекеті болар, ендігі уақытта тағы 1,5 мың гектарға көшет қондыру жоспарлануда. Алғашқы әрекеттің өзінде осындай айқай-шу шығып жатқанда, алдағы атқарылар тірлікте қандай қателіктер кетері белгісіз. Бізге белгілісі – осы көшеттерді күтіп-баптауға деп қаралған 42 миллион теңгенің өзі уақтылы берілмей, жұмысшылардың маңдай терінің ақысы толық төленбей келеді. «Әжептеуір ән еді, пұшық айтып қор қылды» деген осы болар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста