Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне байланысты Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарының түзетілген жобасы материалдарынан көрме ұйымдарстырылды. Астана қаласының бас сәулетшісі Виталий Силецкийдің хабарлауынша, қаланың Бас жоспарын қайта түзету мәселесі көлік, инженерлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды қайта қараудан, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында жаңа нысандарды салудан туындап отыр.
Қаланың Бас жоспары – бұл қала құрылысындағы басты құжат, соған сәйкес елорда аумағының қалыпты дамуы реттеледі, қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін дұрыс басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы негіз пайда болады.
2012 жылдың қарашасында Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросына мүше-мемлекеттердің дауыс беруінің нәтижесінде Астананың ең көп дауыс жинап, жеңіске жетуі алдымызға үлкен мақсаттар қойды: көрме барысында Астана қаласының инфрақұрылымын қала тұрғындары мен қонақтары өздерін қолайлы және қауіпсіздікте сезінетіндей жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қолданыстағы бас жоспардың жобасында 2011 жылдың 30 шілдесінде «ЭКСПО-2017» көрме кешенін салуға арнайы аумақ бөлінген болатын, кейіннен 2013 жылы жоба қайта қаралып, инфрақұрылымды абаттандыруға жұмсалатын шығындарды оптимизациялау және көрмеге арнайы салынатын нысандарды одан кейін де тиімді пайдалану үшін қайта өзгертілді.
Осылайша елорданың бас жоспарының аталмыш түзетілген нұсқасы жалпыұлттық жоба болып қабылданды.
«Астана қаласының Бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС бас сәулетшісі Бақтыбай Тайталиевтің сөзінше, бас жоспардың негіздері өзгеріссіз қалды. Яғни, қала аумағының әкімшілік территориясы өзгертілмеді, Астана қаласының аумағы 2030 жылға дейін 71 мың га деңгейінде қалады, ал халықтың саны 2030 жылға дейін 1220 мыңға жетеді деп болжанып отыр.
Бас жоспарды әзірлеушілердің мақсаты қаланың ықшам әрі тұрақты болуына және жер мен қоғамдық көлік жүйесін тиімді пайдалануға бағытталған.
Жоба авторларының пікірінше, Астананың аумағын өте көлемді етуге негіз жоқ, себебі, қала үлкен болса, оның экологиялық және өзге де проблемалары көбейе түседі, ондай қаланы басқарудағы тиімділік деңгейі күрт төмендейді. Орталық және Солтүстік Еуропадағы астаналар осыған дәлел. Ол қалалар ықшам, онда функионалды мәселелер де тиімді шешім табады.
Ірі қалаллардың өсімін ұстап тұру мәселелері өзекті болады. Сондықтан Астана қаласының дамуымен қатар, қала ішінде және шет аумақтарында орналасқан елдімекендерді дамыту мәселесі де қаралуда.
Қазақстанның елордасының қалыпты дамуының негізгі мақсты – кешенділік пен ықшамдылық, қауіпсіз, әлеуметтік жағынан ыңғайлы өмір ортасын қалыптастыру.
Астана қаласы бір жалпықалалық орталықтан емес, жалпықалалық магистраль бойындағы жобалық аудандардан құралып, оларға келесі аумақтар жататын болады:
- қоғамдық-көліктік кешен;
- іскерлік-сауда кешені;
- мәдени, ойын-сауық кешені;
- саябақ-спорт кешені.
Қаланың қабатты құрылысының негіздері келесідегідей болады: орталықтан қаланың шет аумақтарына қарай және кіре беріс магистральдарынан жасыл белдеуге дейін төмендегі санаттар бойынша қабаттар саны азаяды:
- 18 қабаттан жоғары;
- 10 - 12 қабат;
- 5 – 9 қабат;
- 3 – 4 қабат;
- коттедж құрылысы.
Оған қоса Астана қаласының қалыпты дамуы келесі мәселелердің шешілуіне де байланысты: қаланың және оған іргелес аумақтардың дамуы қатар жүргізу; қаладағы тіршілік әрекетінің негізі ретінде көлік инфрақұрылымының дамуы және қала аумағын игерудегі құрылыс регламенттерінің бекітілуі. Барлық аталмыш мәселелер қаланың бас жоспарының түзетілген нұсқасында көрсетілген жобалық ұсыныстар негізінде шешімін табады.
«ЭКСПО-2017» көрме кешенінің орналасу орнының өзгеруі және оның сол жағалауда «Назарбаев Университеті» АҚ қарсы орналасуы жаңа теміржол вокзалының орнын, кіші айналым жолдары мен елорданың инженерлік және көлік инфрақұрылымының дамуындағы өзге де жобалық шешімдерді өзгертуге негіз болды.
Астана қаласының қарқынды дамуын ескере отырып, «ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысы, логистика мен қаланың көрмеден кейінгі дамуы үшін елорданың оңтүстік аумағында, медициналық кластерден солтүтікке қарай, Орынбор, № 27 көше (Хусейн бен Талал), №30 көше және Қабанбай батыр даңғылы аумағында орналасқан аумақ ең тиімді болып саналады. Оның жалпы ауданы 162,2 гектар және ол Халықаралық көрмелер Бюросының нормаларына сай келеді.
ЭКСПО-ның орталық көрме бөлігі Назарбев университеті мен Абу Даби Плазадан созылатын сызықтық парктің қиылысында орналасқан. Ол аумақта Триумты Арка, құрамына ботаникалық саябақ кіретін жаңа парк, Олимпиадалық кешен нысандары мен Аэроғарыштық кешен болады.
Осылайша, аталмыш аумақта ЭКСПО кешендерінің орналасуы сол жағалаудың сәулеттік келбетін логикалық соңына дейін жеткізеді.
Аталмыш аумақ пен ұсынылған нысандар бірқатар өзгешеліктерге ие:
Біріншіден, ол урбанистикалық жобаға сәйкес келеді, соған байланысты нысандардың кейіннен пайдалану мәселесі шешіледі.
Екіншіден, ЭКСПО-орталықтың орналасқан жері қолжетімді, яғни Қазақстанның қалааралық жолдарының бойында тұр. Бұл фактор көрмеге келушілер үшін өте қолайлы. Аумақ қажетті көлік инфрақұрылымымен қамтылған, бұл Астана қаласының тұрғындары мен қонақтыры үшін өте ыңғайлы.
Үшіншіден, «ЭКСПО-2017» нысандарын көрмеден кейін пайдалану үшін олардың бірақатары «Назарбаев Университетіне» ғылыми зертхана мен зерттеу институттарын құру үшін беріледі. Одан өзге, бизнес-орталықтар, қонақ үй мен көрме кешендері өз жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады. Бүкіл Орталық Азияға қызмет көрсететін тұрақты көрме кешені жұмыс істейді.
2017 жылға қарай Астана қаласының бас жоспарында көрсетілген барлық магистральды көшелер салынып бітеді.
Одаз өзге, аумақ қалааралық байланыстағы көліктердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен, бас жоспарға түзетулер енгізу «ЭКСПО-2017» кешені орынының өзгертілуінен туындады және сол негізде қала аумағының функционалды қызметі мен нысандардың орналасуындағы қабаттылығы түзетілді:
- ЭКСПО-2017 кешенінің алаңдары - 174 га;
- жаңа теміржол вокзалының өткізу қабілеттілігі - тәулігіне 35 мың адам;
- әуежайдың жаңа құрылысы мен реконструкциясы;
- өткізу қабілеті тәулігіне 5 мың жолаушыны құрайтын 2 автовокзалдың құрылысы.
Бас жоспардың түзетілген нұсқасында жаңа теміржол вокзалы орналасатын аумақ қарастырылды: Мыңжылдық аллеясының шығыс жағы. Ұсынылып отырған нұсқа қала құрылысындағы негізгі бағыттармен шектеседі.
Халықаралық әуежайдан көрме өтетін аумаққа дейін БРТ жүргізу қарастырылып отыр.
Сонымен қатар, бас жоспарды әзірлеушілер инженерлік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның дамуында оң нәтижелердің болатынын сөз етті. Бас жоспарда арнайы жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілерге арналған жол, қаланы көгалдандыру, жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарланған. Астана қаласын көгалдандыру бас жоспарға сәйкес жүргізіледі. Оның тұжырымдамасы «Эко-қаланы» қалыптастыруға байланысты болады. Сонымен қатар, «жасыл дәліздерді» қалыптастыру да көзделген.
Астана қаласының негізі қалыптасқан. Оған қоса 8 кіре беріс магистралі бар, олардың бойында тұрғын үйілер мен қоғамдық пайдалануға арналған ғимараттар салынбақ.
«Астана қаласының Бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС қала құрылысындағы экология бөлімінің басшысы Әсия Батырғожинаның айтуынша, Талдыкөл су қоймасын рекультивациялау жобасын іске асыру барысында қаладағы ағынды сулар тазартылады. Биологиялық тазарту жүргізілмек. Оған суды тазартып қана қоймай, жағымсыз иісті кетіретін бактерияларды енгізу де мақсатта тұр. Нәтижесінде қаладағы ағынды суларды әр түрлі су қоймаларына бұру көзделген. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қала қонақтары әрдайым табиғатқа серуенге шығулары үшін елорданың іргелес елді мекендері дамытылады.