«Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал» атты акция қорытындыланды

«Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал» атты акция қорытындыланды

Ақтауда «Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал» атты науқанда 27 жастағы жігіттің бағы жанды.

Акция қорытындысы бүгін жергілікті уақытпен 15.00-де әлеуметтік желіде тікелей эфирде айтылды. Сол сәтте телестудиямен қосылымды 500-ден астам адам тамашалады. Ұтысқа қойылған бірнеше тұрмыстық техника компьютердің кездейсоқ таңдау тәсілімен ойынға қатысушыларға тапсырылды. Дыбыстық қыстырма. 1000 мен 10 мыңның арасында өзіміздің ережені енгіздік. Осының ішінде сіздерге берілген 4 сандарды таңдаймыз. Содан соң тікелей эфирде қоңырау шаламыз.

Ақтауда «Екпе салдыр да, 2 бөлмелі пәтер ұтып ал» атты науқан 22 маусымда басталды. Сол күннен бастап өңірде кез келген егу кабинетіне барып, вакцинаның І, ия ІІ компонентін алған жергілікті тұрғын қатысуға құқылы болды. Екпе алған соң сол жерде арнайы QR-код арқылы сайтқа тіркеп, нөмір беріледі. Бүгін сәтті нөмірлерді кездейсоқ таңдау тәсілімен компьютер анықтады.

Науқан басталған күннен бері әр апта сайын бағалы сыйлықтар әлеуметтік желіде ойнатылды. Соңғы ойында 2 бөлмелі пәтерге дейін де 2 смартфон, 2 теледидар, қысқа толқынды пеш пен тоңазытқыш ұтысқа қойылды. 38 шағын ауданда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер кілті ақтаулық тұрғынға бұйырды.

Нұрлан Қуанышбай, ұтыс ойынын жүргізуші: – Қайрат деген бауырым 94 жылғы екен. Түркіменстаннан көшіп келген. Нағашысының үйінде тұрады. Сол 2 бөлмелі пәтерді алды. 22 маусымнан бастап күні бүгінге дейін 30 мыңға жуық адам екпе алған. Ал науқанға тіркелгені бар-жоғы 10 мың адам. Жергілікті кәсіпкерлер өздері бастағандықтан барлық шарттардың орындаулы толық қадағалады.

Әзірге Маңғыстау өңірі вакцина алу бойынша еліміз бойынша соңғы орында тұр. Жағдайды түзеу үшін алда тағы ұтыс ойыны ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жолғы сыйлық автокөлік немесе жаңа пәтер деп айтылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста