Алматылық экологтар бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті. Ерен еңбектері үшін олар төсбелгілер мен құттықтау грамоталарына ие болды.
Маусымның 5-і – бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. Алматы қаласының эколог мамандары бұл күнге арнап мерекелік жиын ұйымдастырды. Олар оңтүстік астанамызда орналасқан Гидрометеорологиялық мониторингі орталығында (ГМО) бас қосты. Аталмыш мерекені 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қоғам қоршаған ортаны қорғап, сақтасын деген мақсатпен жариялаған болатын. Мерекелік шараны Алматы қаласы Гидрометеорологиялық мониторингі орталығының директоры Қонысбек Байеділов құттықтау сөзімен ашты. Барлық эколог мамандарын мереке күнімен құттықтап, олардың планетамыздың экологиялық жағдайын жақсартуда қосып жатқан үлестерін ерекше атап өтті. Қаламыздың экологиялық жағдайларын зерттеумен орталықтың химико-аналитикалық зерттеу бөлімі айналысады. Атмосфералық ауаға, жауын-шашынға, жер беті суларына, топыраққа және радиациялық сынамаларға зерттеулер мен бақылаулар жүргізіп, сараптамалар жасайтын да осы бөлімше. Орталық басшысы осынша қызмет атқарып жүрген экологтердің еңбегі ең жоғары бағаға ие екендігін де айта кетті. Сонымен қатар биылғы жылы Қазгидромет мекемесіне 90 жыл толып отыр. Қос қуанышқа ортақ болған мерекелік жиын барысында жетістіктері айтылып жүрген, жұмыстағы ерен еңбектері үшін қызметкерлер медальдар және құттықтау дипломдарымен марапатталды. Мерекелік кешке Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев, Балқаш-Алакөл экология департаменті басшысының орынбасары Бекет Жұмаділов, Алматы қаласы Табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Михаил Новоселов, Алматы қалалық ГМО қызметкерлері мен желі бақылаушылары қатысты.
Экологтер төсбелгілермен марапатталды
Последние статьи автора